-A A +A

«Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға
құқықтарды мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
 
 
1. Жалпы ережелер
 
1. «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі әзірлеген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
 
 
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
 
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты – 10 (он) минут;
3) рұқсат берілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 10 (он) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 10-тармағымен бекітілген жағдаймен негіздері бойынша қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды тіркеу үшін тіркеу алымы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 456-бабында белгіленген 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.
Алым сомасы белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және салық салу объектісінің тіркелген жері бойынша тіркеуші органға тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді.
Тіркеу алымын төлеу үшін қажетті банктік деректемелер осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетелетін қызмет нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетелетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
өтініш:
көрсетілетін қызметті алушының (автордың) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
көрсетілетін қызметті алушының (құқық иеленушінің) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
көрсетілетін қызметті алушының (автордан құқық иеленушіге құқықтарды беру туралы) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 
4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
1) өтініш (автордан, құқық иеленушіден, автордан құқық иеленушіге құқықтарды беру туралы);
әдеби, ғылыми, драмалық, сценарий туындыларына құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар:
туындының данасы;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
мемлекеттік тіркегені үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады;
2) өтініш (автордан, құқық иеленушіден, автордан құқық иеленушіге құқықтарды беру туралы);
мәтіні бар немесе мәтіні жоқ музыкалық туындыларға және музыкалық-драмалық туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар:
туынды жазылған тасығыш, туындының мәтіні, ноталары немесе партитурасы;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
мемлекеттік тіркегені үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады;
3) өтініш (автордан, құқық иеленушіден, автордан құқық иеленушіге құқықтарды беру туралы);
хореография, пантомима, дыбыстау-бейнелеу туындыларына құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар:
туынды жазылған тасушы;
туынды сипаттамасы;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
мемлекеттік тіркегені үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады;
4) өтініш (автордан, құқық иеленушіден, автордан құқық иеленушіге құқықтарды беру туралы);
сәулет, қала құрылысы, бау-саябақ өнер туындыларына құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар:
эскиздер, сызбалар, суреттер;
туындының толық сипаттамасы;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
мемлекеттік тіркегені үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады;
5) өтініш (автордан, құқық иеленушіден, автордан құқық иеленушіге құқықтарды беру туралы);
кескіндеме, мүсіндеме, графика, бейнелеу және қолданбалы өнер туындыларына құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар:
туындының эскиздері, суреттері, иллюстрациялары немесе туындының фотосурет түріндегі бейнесі, сондай-ақ қажет болған жағдайда сызбалары;
туындының толық сипаттамасы;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
мемлекеттік тіркегені үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады;
6) өтініш (автордан, құқық иеленушіден, автордан құқық иеленушіге құқықтарды беру туралы);
фотосурет туындылары және фотосуретке ұқсас тәсілдермен алынған туындыларға, сондай-ақ карталарға, жоспарларға, эскиздерге, иллюстрацияларға және географияға, топографияға және басқа да ғылымдарға жататын үш өлшемді туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар:
туындының данасы;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
мемлекеттік тіркегені үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады;
7) өтініш (автордан, құқық иеленушіден, автордан құқық иеленушіге құқықтарды беру туралы);
электрондық есептеуіш машинаға (бұдан әрі – ЭЕМ) немесе деректер қорына арналған бағдарламаларға құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар:
ЭЕМ-ге немесе деректер қорына арналған бағдарлама мен бастапқы коды (бастапқы мәтіні) бар тасушы (дискета және басқа да электронды тасығыш);
ЭЕМ-ге немесе деректер қорына арналған бағдарламаның атауын, көрсетілетін қызметті алушының атын (тегін, атын, әкесінің атын), жасалған күнін, қолданылу саласын, мақсатын, функционалдық мүмкіндіктерін, негізгі техникалық сипаттамаларын, бағдарламалау тілін, іске асырушы ЭЕМ-нің типін қамтитын ЭЕМ-ге немесе деректер қорына арналған рефератты;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
мемлекеттік тіркегені үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады;
Қызметтік міндеттерді немесе жұмыс берушінің қызметтік тапсырмасын орындау тәртібімен жасалған қызметтік туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде тіркеу үшін ұсынылатын құжаттардан басқа, еңбек шартының көшірмесін ұсыну қажет.
Автор мен жұмыс берушінің арасында қызметтік туындыны пайдалануға мүліктік құқықтардың тиесілігі туралы қосымша шарт жасалған жағдайда осындай шарттың көшірмесін, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы ұсыну қажет;
Құрамдас немесе туынды шығармаларға құқықтарды тіркеу кезінде түпнұсқа туындының авторымен (авторларымен) немесе құқық иеленушімен (құқық иеленушілермен) жасалған авторлық шарттың көшірмесі ұсынылады;
Тіркеуге ұсынылатын материалдар нөмірленуі, тігілуі және оған көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылуы тиіс.
Құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші он жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдарды қайтара отырып, жазбаша, толық дәйектелген қараудан бас тартуды береді.
 
 
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі
 
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 
12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, 
13-кіреберіс, № 925 қабинет мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі, байланыс телефоны: 8 (7172) 74-07-37.
Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Қажетті жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы шағымға көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін растайтын құжаттарды қоса береді.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап почта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
 
4. Мемлекеттік қызмет көрсету
ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
 
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www. adilet.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-07-54, 74-09-69. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Авторлық құқықпен қорғалатын
туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
 
 
Тіркеу алымын төлеуге қажетті банктік деректемелер
 
Банктік сәйкестендіру коды – KKMFKZ2A;
жеке сәйкестендіру коды – KZ24070105KSN0000000;
бенефициардың коды – 11;
бенефициар – ҚР Қаржымині СК Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Есіл ауданы бойынша Салық басқармасы ММ;
БСН – 081240013779;
банк бенефициар – Астана қ., Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті;
бюджеттік жіктеу коды – 105421.
 
 
«Авторлық құқықпен қорғалатын
туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
 
Нысан
 
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
_____________________________
мекенжайы бойынша тұратын
_____________________________
тел: _________________________
_____________________________
(паспорттық деректер)
 
Автор(лар)дың авторлық құқықпен қорғалатын
туындыларға құқықтарды тіркеуге
ӨТІНІШІ
 
Мен (Біз)_______________________________________________________
(автор(лар)дың тегі, аты, әкесінің аты)
ЖСН ___________________
______________________________________________________________жасаған
(объектінің жасалған күні, айы, жылы)
_________________________________________________________деп аталатынжарияланбаған________________________________________________________
(авторлық құқық объектісінің түрі)
жалғыз авторы (авторлары) болып табылатынымды (табылатынымызды) растаймын (растаймыз) және осы авторлық құқық объектісін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуді өтінемін (өтінеміз).
Осымен осы объектіге айрықша мүліктік құқықтардың жалғыз иеленушісі (иеленушілері) болып табылатынымды (табылатынымызды) және объектіні жасаған кезде басқа тұлғалардың құқықтары бұзылмағанын да растаймын (растаймыз).
Туындыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеу фактісінің заңды мағынасы мен тіркеу шарттары маған (бізге) түсіндірілді.
 
20____ж. «____» __________ ________________
(автор(лар)дың қолы)
 
 
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
 
«Авторлық құқықпен қорғалатын
туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
 
Нысан
 
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
_____________________________
мекенжайы бойынша тұратын
_____________________________
тел: _____________________________
_____________________________
(паспорттық деректер)
 
Құқық иеленушінің авторлық құқықпен қорғалатын
туындыларға құқықтарды тіркеуге
ӨТІНІШІ
________________________________________________________________________
(құқық иеленушінің атауы)
БСН ______________________
осымен ___________________________________________________________________
(автор(лар)дың Т.А.Ә., авторлардың паспорттық (объектінің жасалған күні, айы, жылы) деректері)
ЖСН _____________________
жасаған______________________________________________________деп аталатын__________________________________________________________________________
(авторлық құқық объектісінің түрі)
осымен айрықша мүліктік құқықтардың иесі болып табылатынымызды (табылатынын) растаймын (растайды) және осы объектіге айрықша мүліктік құқықтарды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуді өтінемін (өтінеді).
Осымен осы объектіні авторлар жасаған кезде басқа тұлғалардың құқықтары бұзылмағанын да растаймын (растаймыз).
Туындыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеу фактісінің заңды мағынасы мен тіркеу шарттары маған (бізге) түсіндірілді.
 
20____ж. «____» __________ _________________
(қолы)
 
 
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
 
«Авторлық құқықпен қорғалатын
туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша
 
Нысан
 
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
_____________________________
мекенжайы бойынша тұратын
_____________________________
тел: _________________________
_____________________________
(паспорттық деректер)
 
Автор(лар)дың авторлық құқықпен қорғалатын
туындыларға құқықтарды тіркеуге
ӨТІНІШІ
 
Мен (Біз)_______________________________________________________
(автор(лар)дың тегі, аты, әкесінің аты)
ЖСН ___________________
______________________________________________________________жасаған
(объектінің жасалған күні, айы, жылы)
_________________________________________________________деп аталатынжарияланбаған________________________________________________________
(авторлық құқық объектісінің түрі)
жалғыз авторы (авторлары) болып табылатынымды (табылатынымызды) растаймын (растаймыз) және осы авторлық құқық объектісін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуді өтінемін (өтінеміз).
Осымен осы объектіге айрықша мүліктік құқықтардың жалғыз иеленушісі (иеленушілері) __________________________________ болып табылатынды
(құқық иеленушінің атауы)
(табылатынды) және объектіні жасаған кезде басқа тұлғалардың құқықтары бұзылмағанын да растаймын (растаймыз).
Туындыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеу фактісінің заңды мағынасы мен тіркеу шарттары маған (бізге) түсіндірілді.
 
20____ж. «____» __________ ________________
(автор(лар)дың қолы)
 
 
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.