-A A +A

«Өнеркәсiптiк үлгiге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Өнеркәсiптiк үлгiге патент беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
 
1. Жалпы ережелер
 
1. «Өнеркәсiптiк үлгiге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:
1) қызмет берушінің кеңсесі;
2) Министрліктің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – сараптама ұйымы);
3) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) және сараптама ұйымыныңwww.kazpatent.kz ресми сайты арқылы жүзеге асырылады.
 
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
 
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген кезден бастап – 12 (он екі) ай өткеннен кейін;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – өнеркәсіптік үлгідегі патент не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны – электронды, қағаз түрінде.
Портал арқылы өтініш берген кезде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы)«жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған күні мен орны көрсетілген электронды құжат нысанында хабарлама жіберіледі.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушыға ақылы негізде көрсетіледі.
Өтінімдерді қабылдау мен сараптама жүргізу үшін «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстарға және қызметтерге бағаларға сәйкес белгіленген мөлшерде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес ақы алынады.
Өнертабысқа патент берілгені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 100 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж төленеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық портал арқылы өтінім берілген жағдайда, төлемақы «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекеттік баж бен сараптама ұйымының қызметін төлеуге қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 
2-қосымшасында көрсетілген.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 
13-00-ден 14.30-ға дейін;
2) сараптама ұйымының – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 
13-00-ден 14.30-ға дейін;
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
3) порталда – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
сараптама ұйымына:
1)  осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
2) мәлiмделген үлгi (үлгiлер) туралы толық егжей-тегжейлi түсiнiк беретiн бұйымның (бұйымдардың) немесе макеттiң кескiнi бейнеленген қайта жасауға жарамды жиынтығы;
3) өнеркәсiп үлгiсiнiң елеулi белгiлерiнiң тiзбесiн қамтитын сипаттамасы;
4) іс жүргізу өкіл арқылы берілген жағдайда куәландырған сенімхат;
5) өтініш беруге төлем төленгенiн растайтын құжат;
6) төлемнің мөлшерін азайту негіздемесін растайтын құжат (Ұлы Отан соғысының мүгедектігі, мүгедектік туралы, орта білім беру мектебі, кәсіптік-техникалық училищелерінің, техникалық оқу орындары оқушыларының, жоғары оқу орындары студенттерінің анықтамалары).
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ – мен куәландырылған нысандағы өтініш;
2) мәлiмделген үлгi (үлгiлер) туралы толық егжей-тегжейлi түсiнiк беретiн бұйымның (бұйымдардың) немесе макеттiң кескiнi бейнеленген қайта жасауға жарамды жиынтығының электрондық көшірмесі;
3) оның елеулi белгiлерiнiң тiзбесiн қамтитын өнеркәсiптiк үлгiсінiң еркін нысандағы сипаттамасының электрондық көшірмесі;
4) іс жүргізу өкіл арқылы берілген жағдайда куәландырған сенімхаттың электрондық көшірмесі;
5) ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда төлем төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
6) төлемнің мөлшерін азайту негіздемесін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (Ұлы Отан соғысының мүгедектігі, мүгедектік туралы, орта білім беру мектебі, кәсіптік-техникалық училищелерінің, техникалық оқу орындары оқушыларының, жоғары оқу орындары студенттерінің анықтамалары электрондық көшірмесі).
Жеке басын куәландыратын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, құжаттардың мәліметтерін ЭҮТШ арқылы мемлекеттік баж төлеу туралы ақпаратты көрсетілетін қызмет беруші портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе «электрондық үкімет» шлюзі арқылы ақпараттық жүйесі арқылы алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, қызмет алушы қызмет берушіге мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
Көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) – құжаттар топтамасының көшірмесіне оның қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, сараптама ұйымының кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қою қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылдағанын растау болып табылады;
Портал арқылы өтініш берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттіккөрсетілетін қызметті ұсыну үшін сұраудың қабылданғаны туралы мәртебесі жолданады.
10.  Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негіздемесі болып мыналар табылады:
1) өтініш беруші сұрап отырған құқықтық қорғау көлемiндегi мәлiмделген өнеркәсіптік үлгінің патент қабiлеттiлiгi талаптарына сәйкес келмеуі;
2) егер өтiнiм өнеркәсіптік үлгі ретiнде қорғалмайтын объектiлерге қатысты болса;
3) егер ол туралы хабарланғаннан кейін өтініш беруші елеулi белгiлерiнiң жиынтығын өзгертпесе;
4) ұсынылған елеулi белгiлерiнiң жиынтығы өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ белгiлерді қамтыса немесе өнеркәсіптік үлгі ретiнде қорғалатын объектiден басқа, өнеркәсiптiк үлгi ретiнде қорғалатын объектiлерге жатпайтын ұсынысты да сипаттаса немесе оған қатысты өнеркәсiптiк үлгi бiрлiгiнің талаптары бұзылуына байланысты қарау жүргізілмеген болса.
 
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
 
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының13-тармағында көрсетілген мекенжайға беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері қызмет берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Қажет болған жағдайларда көрсетілетін қызмет алушы шағымға көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті сапасыз орындағанын дәлелдейтін құжаттарды қоса береді.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе кеңседе тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады.
Қызметті берушінің атына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап қызмет алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде қызмет алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
 
4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
 
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.adilet.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
14. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпараттыпорталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: (1414).
 
 
«Өнеркәсіптік үлгіге патент беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
 
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шарушылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жүзеге асыратын жұмыстары мен қызметтерінің бағалары
1. Өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік объектілерді қорғау саласындағы қызметі
№п/п
1999 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Патенттік Заңы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жұмыстар мен қызметтердің атауы
Бағасы (БҚС есепке ала отырып, теңгеде)
Заңды тұлғалар үшін
Кіші және орта бизнес субъектілері-резидент
Жеке тұлғалар үшін
Ұлы Отан Соғысы ардагерлері, мүгедектер, жалпы білім беру мектеп және колледж оқушылары, жоғарғы оқу орны студенттері үшін
1
2
3
4
5
6
4
Өнеркәсіптік үлгіге өтінімдер қабылдау және формальді сараптама жүргізу
 
 
 
 
1)
өтінімді қағаз тасымалдаушыда қабылдау кезінде
18 039,84
14 431,87
5 411,84
360,64
2)
өтінімді электрондық түрде қабылдаған кезде
15 333,92
12 267,14
4 599,84
306,88
13
Өнеркәсіптік үлгіге мәні бойынша өтінімді сараптау
36 804,32
29 443,46
11 040,96
735,84
14
Бірден астам әр өнеркәсіптік үлгіге мәні бойынша өтінімді сараптау
4 382,56
3 506,05
1 314,88
87,36
15
Өтінім берушінің бастамасы бойынша өтінімматериалдарына өзгерістер енгізу
5 224,80
1 042,72
1 568,00
104,16
16
Өтінім берушінің бастамасы бойынша өтінім материалдарына бір үлгідегі өзгерістер енгізу
4 159,68
3 327,74
1 247,68
82,88
18
Қорғау құжатын және автордың куәлігін беруге құжаттарын дайындау, беру туралы мәліметті жариялау
33 253,92
18 651,14
9 975,84
665,28
19
Қорғау құжаттың және автордың куәлігінің дубликатын беру, мәліметті жариялау
6 005,44
4 804,35
1 800,96
119,84
20
Қорғау құжатына, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіп үлгілердің мемлекеттік тізілімдеріне өзгерістер енгізу
14 585,76
11 668,61
4 375,84
291,20
21
Қорғау құжатына, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіп үлгілердің мемлекеттік тізілімдеріне бір типтік өзгерістер енгізу
4 604,32
3 683,46
1 380,96
91,84
22
Өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіп үлгілердің мемлекеттік тізілімдерінен көшірмесін ұсыну
4 875,36
3 900,29
1 462,72
97,44
23
Қорғау құжаттың әрекет мерзімін ұзарту және ұзарту туралы мәлімет жариялау
 
 
 
 
1)
Инновациялық патенттің, алдын-ала патенттің, пайдалы модельге патенттің, өнеркәсіптік үлгіге
3 287,20
2 629,76
985,60
66,08
31
Қорғау құжаттарын өзгеге беру шарттарына сараптама жүргізу және тіркеу туралы мәліметтерді жариялау (34-тармақты есепке ала отырып)
45 000,48
45 000,48
45 000,48
45 000,48
32
Қорғау құжаттарын алуға құқықты басқаға беру шартына сараптама жүргізу және қорғау құжатын беру туралы мәліметтерді жариялау (Азаматтық кодекстің 1000-бабына сәйкес шығарылған)
-
-
-
-
33
Лицензиялық (сублицензиялық) шартына, кепіл шартына сараптама жүргізу, бір өнеркәсіптік меншік объекті жөнінде комплексті кәсіпкерлік лицензия ұсыну туралы шартын сараптауды тіркеуге өтінім қабылдау, шартты тіркеу туралы мәліметтерді жариялау (34-тармақты есепке ала отырып)
45 000,48
45 000,48
45 000,48
45 000,48
34
Өнеркәсіптік меншік объектілерінің тобы жөнінде, қосымша бірден астам өнеркәсіптік меншік объекті үшін (31 және 33-тармақтарына қолданылады)
9 232,38
9 232,38
9 232,38
9 232,38
35
Ашық лицензия беруге өтінім қабылдау
12 999,84
10 400,00
3 900,00
260,00
36
Қосымша келісімге сараптама жүргізу және оның тіркеуі туралы мәлімет жариялау
12 999,84
12 999,84
12 999,84
12 999,84
3. Қорғау құжаттарды күшінде сақтау үшін төлемнің мөлшерлемесі
 
 
Заңды тұлғалар үшін
Жеке тұлғалар үшін
Ұлы отан соғысының қатысушылары, мүгедектер, жалпы білім беру мектептері, кәсіби-техникалық мектептердің, жоғары оқу орындарының студенттері үшін
 
Бекітілген мерзімінен кейін, бірақ оның өтуінен алты айдан кеш емес
 
Бекітілген мерзімі нен кейін, бірақ оның өтуінен алты айдан кеш емес
 
Бекітіл ген мерзімі
3) Өнеркәсіп үлгіге қорғау құжат
 
Бірінші
18 039,84
27 060,32
5 411,84
8 117,76
360,64
540,96
 
Екінші
18 039,84
27 060,32
5 411,84
8 117,76
360,64
540,96
 
Үшінші
18 039,84
27 060,32
5 411,84
8 117,76
360,64
540,96
 
Төртінші
26 240,48
39 360,16
7 872,48
11 808,16
525,28
787,36
 
Бесінші
26 240,48
39 360,16
7 872,48
11 808,16
525,28
787,36
 
Алтыншы
31 159,52
46 739,84
9 347,52
14 022,40
622,72
935,20
 
Жетінші
31 159,52
46 739,84
9 347,52
14 022,40
622,72
935,20
 
Сегізінші
32 764,48
49 147,84
9 829,12
14 744,80
655,20
983,36
 
Тоғызыншы
32 764,48
49 147,84
9 829,12
14 744,80
655,20
983,36
 
Оныншы
37 720,48
56 580,16
11 316,48
16 973,60
754,88
1 131,20
 
Он бірінші
55 760,32
83 640,48
16 728,32
25 092,48
1 115,52
1 673,28
 
Он екінші
55 760,32
83 640,48
16 728,32
25 092,48
1 115,52
1 673,28
 
Он үшінші
55 760,32
83 640,48
16 728,32
25 092,48
1 115,52
1 673,28
 
Он төртінші
55 760,32
83 640,48
16 728,32
25 092,48
1 115,52
1 673,28
 
Он бесінші
55 760,32
83 640,48
16 728,32
25 092,48
1 115,52
1 673,28
 
Он алтыншы
82 425,28
123 637,92
24 727,36
37 091,04
1 648,64
2 472,96
 
Он жетінші
82 425,28
123 637,92
24 727,36
37 091,04
1 648,64
2 472,96
 
Он сегізінші
82 425,28
123 637,92
24 727,36
37 091,04
1 648,64
2 472,96
 
Он тоғызыншы
82 425,28
123 637,92
24 727,36
37 091,04
1 648,64
2 472,96
 
Жиырмасыншы
82 425,28
123 637,92
24 727,36
37 091,04
1 648,64
2 472,96
 
 
«Өнеркәсіптік үлгіге патент беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
 
Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері
 
Бенефициар – ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасы РММ
БСН – 081240013779
ЖСК – KZ24070105KSN0000000
БСК – KKMFKZ 2 A
Бенефициар банкі – «ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» ММ
КБЕ-11
Бюджеттік сыныптама коды (БТК) – 108118
Төлем тағайындау коды — 979 жеке тұлғалар үшін
Төлем тағайындау коды — 911 заңды тұлғалар үшін
 
Сараптама ұйымының қызметтерін төлеуге қажетті банк деректемелері
 
Қабылдаушы:
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Мекенжайы
010000, Астана қ., Сол жағалау, Орынбор к-сі, 8,
1 корпус, № 1, № 2 кіреберіс
БИН:
020940003199
Банктің атауы:  
«Нұрбанк» АҚ
ЖСК
KZ8584905KZ006015415
БСК
NURSKZKX
КБЕ:
16
КНП:
859
 
«Өнеркәсіптік үлгіге патент беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
Нысан
 
 
 
 
Кіріс нөмірі №
(21) Тіркеу №
(22) Берілген күні
 
Түскен күні
 
Басымдығы
Өнеркәсіптік үлгіге Қазақстан
Республикасының
патентін беру туралы
ӨТІНІШ
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
"Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК
010000, Астана қ., Сол жағалау, Орынбор к-сі, 8,
1 корпус, № 1, № 2 кіреберіс
Төменде көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, өтінім берушінің (берушілердің) атына Қазақстан Республикасының патентін беруді сұраймын (сұраймыз).
ДЗМҰ ST.3
стандарты бойынша
елдің коды
  1. Өтінім беруші (берушілер)
 
 
 
 
(Толық аты (Т.А.Ә. (бар болса) немесе атауы және тұрғылықты жері немесе орналасқан жері көрсетіледі.
Өтінім иелері – авторлардың тұрғылықты мекенжайы туралы деректер 97 коды бар бағанда көрсетіледі)
(егер белгілі болса)
 
 
ҰЗМИ -ға өтінім берілген күннен ертерек басымдық сұралған кезде ғана толтырылады.
өнеркәсіптік үлгінің басымдығын күні бойынша белгілеуіңізді сұраймын (сұраймыз).
Париж конвенциясына қатысушы мемлекетке бірінші өтінімді (өтінімдерді) беру (Заңның 20-б. 2 т.)
Заңның 20-б. 4-т. сәйкес ҰЗМИ -ға неғұрлым ерте берілген өтінімді беру
Заңның 20-б. 4-т. сәйкес ҰЗМИ-ға бастапқы беру
(өтінім нөмірі _______________, берген күні _________________)
Неғұрлым ерте берілген өтінімдерге қосымша материалдардың түсуі (Заңның 20-б. 3-т.)
Бірінші, неғұрлым ерте берілген, бастапқы өтінімнің №
басымдық сұралған күн
(33) ST.3 бойынша берген
елдің коды (конвенциялық
басымдық сұралған кезде)
(54) Өнеркәсіптік үлгінің атауы
Заңның 9-б. 4-т. талаптары сақталған
(98) Хат-хабар алмасуға арналған мекенжай (толық пошталық мекенжайы және адресаттың аты-жөні)
Телефон: Ұялы телефон: Факс:
(74) Патенттік сенім білдірілген өкіл (толық атауы (Т.А.Ә. (бар болса), тіркеу нөмірі, мекенжайы) немесе өтінім берушінің(берушілердің)  өкілі (толық аты немесе атауы, мекенжайы)
Қоса берілетінқұжаттар тізбесі
1 данадағы парақ саны
Данасаны
Өтінім беруге және патент алуға құқықтың туындау негізі (құжатты ұсынусыз):
өтінімге қосымша 
 
 
 
өнеркәсіптік үлгінің сипаттамасы

 

 
 
 
заңның 10-б. 2-т. талаптары сақталған және өтінім иесі жұмыс беруші болып табылады
 
бұйым кескіндемесінің жиынтығы
 
 
сызба (лар) жәнеөзге дематериалдар
 
 
өтінімді беру төлемі
туралы құжат
 
 
 
жұмыс берушінің немесе оның құқықтықмирасқорының құқықтарды беруі
төлем мөлшерін азайтуға
негіздің бар-жоғын растайтын
құжат
 
 
 
бірінші өтінімнің (өтінімдер) көшірмесі (конвенциялық басымдық сұралған кезде)
 
 
автордың немесе оның
құқықтық мирасқорының
құқықты қайта беруі
 
өтінімнің шет тіліндегі құжаттары
 
 
патент сенімбілдірілгенөкілдің немесе өкілдің уәкілеттілігін растайтын сенімхат
 
 
мирасқорлық құқық
басқа да құжат (көрсетілсін)
 
 
 
 
 
 
(ҰЗМИ мөртаңбасының орны)
 
 
(72) Автор (лары) (толық аты (Т.А.Ә. (бар болса)
 
(97) Елдің атауы және егер ол белгілі болса, ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша оның кодын қоса алғанда, тұрғылықты жерінің толық пошталық мекенжайы
Патентті алу құқығын қайтадан берген автор(лар)- өтінім беруші(лер) және/немесе
автор(лар) қол(дар)ы
 
 
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
 
Қолы Күні