-A A +A

«Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
 
 
1. Жалпы ережелер
 
1. «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі әзірлеген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
1)​ көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2)​ «Электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы, www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады.
 
 
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
 
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) Көрсетілетін қызметті алушымен мемлекеттік қызметті берушіге құжаттарды тапсырған мерзімнен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген жағдайды – күнтізбелік 30 (отыз) күні ішінде;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты – 10 (он) минут;
3) рұқсат берілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 10 (он) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – бес жыл мерзiмге аккредиттеу туралы куәлiк немесе қағаз тасығышта берілетін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің «жеке кабинетіне» жолданады және сақталады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті алушы қағаз түрінде жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық нысанда рәсімделеді, шығарылады және көрсетілетін қызмет беруші уәкілетті тұлғаның мөрімен және қолымен куәландырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетелетін қызмет нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрстеілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
2) порталда – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс ауқыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш);
2) аккредиттеуден өту туралы жалпы жиналыс шешімі;
3) ұйымның ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын шетелдiк ұйымдармен жасасқан екiжақты және көпжақты келiсiмдерiнің көшірмелері;
4) жалпы жиналыстың сыйақы мөлшеріне қатысты шешімі;
5) жалпы жиналыстың пайдаланушылармен лицензиялық шарт жасасу талаптарына қатысты шешімі;
6) жалпы жиналыстың жиналған сыйақыны бөлу және төлеу тәсіліне қатысты шешімі;
7) авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілері құқық иеленушілерінің көрсетілетін қызметті алушыға қатысты пікірлері;
8) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.
порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;
2) электрондық құжат нысанында аккредиттеуден өту туралы жалпы жиналыс шешімінің электрондық көшірмесі;
3) электрондық құжат нысанында ұйымның ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын шетелдiк ұйымдармен жасасқан екiжақты және көпжақты келiсiмдерiнің көшірмелерінің электрондық көшірмесі;
4) электрондық құжат нысанында жалпы жиналыстың сыйақы мөлшеріне қатысты шешімінің электрондық көшірмесі;
5) электрондық құжат нысанында жалпы жиналыстың пайдаланушылармен лицензиялық шарт жасасу талаптарына қатысты шешімінің электрондық көшірмесі;
6) электрондық құжат нысанында жалпы жиналыстың жиналған сыйақыны бөлу және төлеу тәсіліне қатысты шешімінің электрондық көшірмесі;
7) құжаттың электрондық көшірмелері нысанында авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілері құқық иеленушілерінің көрсетілетін қызметті алушыға қатысты пікірлерінің электрондық көшірмесі;
8) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.
Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал немесе уәкілетті адамдардың электрондық цифрлық қолымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушыдан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол немесе почта байланысы арқылы) –қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
10. Қазақстан Републикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттардың толық тізбесінің ұсынылмауы;
2) ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтердің толық еместігі болып табылады.
 
 
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі
 
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 
12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, 
13-кіреберіс, № 925 қабинет мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі, байланыс телефоны: 8 (7172) 74-07-37.
Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Қажетті жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы шағымға көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін растайтын құжаттарды қоса береді.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап почта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Портал арқылы шағым жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
 
 
4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызмет ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
 
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www. adilet.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қолжетімділік режимінде порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-07-54, 74-09-69. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
 
 
«Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде
басқаратын ұйымдарды аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
 
Нысан
 
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
____________________________
(басшының Т.А.Ә.)
____________________________
(лауазымы, ұйым атауы, бірлестік басшысының Т.А.Ә.)
Деректемелері:_______________
____________________________
(заңды мекенжайы)
____________________________
(байланыс телефоны)
 
Өтініш
 
_____________________________________________ мекенжайы бойынша
(ұйым орналасқан мекенжай)
орналасқан, тіркеу нөмірі ______________________________________________
(заңды тұлғаның тіркеу нөмірі)
БСН________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
____________________________________________________________________
(мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның толық атауы)
мынадай ____________________________________________________________
(«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңының 43-бабының 3-тармағына сәйкес)
ұжымдық басқару саласындағы бірлестік мүшелері атынан «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 
46-1-бабына сәйкес аккредиттеуден өткізуіңізді сұраймын.
Өтінішке қосымша мынадай құжаттар қоса беріледі:
1.______________________________________________
2.______________________________________________
3.______________________________________________
 
М.О._________________________     ______________________
(бар болған жағдайда) (қолы)        (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
 
Күні: 20____жылғы «___»_________________
 
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
«Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде
басқаратын ұйымдарды аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
 
Мәліметтер нысаны
 
1) Авторлық құқықтарды және сабақтас құқықтарды басқаруға жасалған қолданыстағы шарттар саны ___________________________________________
2) Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланушылармен жасалған қолданыстағы шарттар саны_________________
3) Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым мүшелерінің тізімі _______________________________________________________________
4) Мұндай ұйымды құқық иеленушілер мен пайдаланушылар үшін қажетті Қазақстан өңірлерінде білдіруге уәкілеттік берілген тұлғалар туралы мәліметтер ____________________________________________________
5) Интернет-ресурсының болуы туралы мәліметтер ___________________
6) Ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын шетелдiк ұйымның авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы соңғы екі жылдағы қызметін тексеру туралы мәліметтер ____________________________________