-A A +A

«Азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер
       1. Азаматтық хал актілерін тіркеу (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - адамның құқықтары мен міндеттерінің пайда болуына және тоқтатылуына байланысты оны дараландыратын мән-жайларды заңдық ресімдеу рәсімі.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3 және 9-баптарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы № 620 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы ереженің негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызметті (тууды, неке қиюды, некені бұзуды, әкелікті анықтауды, бала (қыз) асырап алуды, тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді, қайтыс болуды тіркеу) аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті органдар), сондай-ақ (тууды, некені бұзуды, тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді тіркеу) мекенжайлары осы стандарттың 1, 1-1-қосымшаларында көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы баламалы негізде көрсетеді.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлікті беру болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
      уәкілетті органға жүгінген кезде:
      Тұтынушы заңнамада белгіленген мерзім ішінде тууды; әкелікті анықтауды; бала (қыз) асырап алуды; сот шешімінің негізінде неке бұзуды; белгіленген тәртіппен хабарсыз кетті деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешімінің негізінде неке бұзуды; қайтыс болуды тіркеу үшін тікелей жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 2 жұмыс күні, тиісті құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, тұтынушыны хабардар ете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 15 күнтізбелік күнге дейін ұзартылады, басқа органдарға сауал салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі 30 күнтізбелік күнге дейін ұзартылады.
      Тұтынушы заңнамада белгіленген мерзім бұзылған кезде тууды; неке қиюды; кәмелетқе толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша неке бұзуды; тегін, атын немесе әкесінің атын өзгертуді тіркеу үшін тікелей жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 30 күнтізбелік күн, басқа да органдарға сауал салу қажет болған кезде, тұтынушыны хабардар ете отырып, мемлекеттік-қызмет көрсету мерзімі бір айдан аспайтын мерзімге дейін ұзартылады.
      1) құжаттарды тапсыру кезінде ең ұзақ кезек күту уақыты - 30 минуттан аспайды;
      2) құжаттарды алу кезінде ең ұзақ кезек күту уақыты - 10 минуттан аспайды.
      Орталыққа жүгінген кезде:
      Тұтынушы заңнамада белгіленген мерзім ішінде тууды; сот шешімінің негізінде неке бұзуды; белгіленген тәртіппен хабарсыз кетті деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешімінің негізінде неке бұзуды тіркеу үшін тікелей жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 2 жұмыс күні, тиісті құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, тұтынушыны хабардар ете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 15 күнтізбелік күнге дейін ұзартылады, басқа да органдарға сауал салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі 30 күнтізбелік күнге дейін ұзартылады.
      Тұтынушы заңнамада белгіленген мерзім бұзылған кезде тууды; кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша неке бұзуды; тегін, атын немесе әкесінің атын өзгертуді тіркеу үшін тікелей жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 30 күнтізбелік күн, басқа да органдарға сауал салу қажет болған кезде, тұтынушыны хабардар ете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бір айдан аспайтын мерзімге дейін ұзартылады.
      1) құжаттарды тапсыру кезінде ең ұзақ кезек күту уақыты - 30 минуттан аспайды;
      2) құжаттарды алу кезінде ең ұзақ кезек күту уақыты - 10 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес мемлекеттік баж белгіленді ол:
      1) тууды, әкелікті анықтауды, Қазақстан Республикасы азаматтарының бала (қыз) асырап алуды, қайтыс болуды тіркегені үшін - алынбайды;
      2) некеге тұруды тіркегені үшін - 1 айлық есептік көрсеткіш;
      3) сот шешімінің негізінде некені бұзуды тіркегені үшін - 1,5 айлық есептік көрсеткіш;
      4) кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені бұзуды тіркегені үшін - 2 айлық есептік көрсеткіш;
      5) белгіленген тәртіппен хабарсыз кетті деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешімінің негізінде некені бұзуды тіркегені үшін - 0,1 айлық есептік көрсеткіш;
      6) тегін, атын немесе әкесінің атын өзгерткенін тіркегені үшін - 2 айлық есептік көрсеткіш;
      7) шетел азаматтарының бала (қыз) асырап алғанын тіркегені үшін - 2 айлық есептік көрсеткіш.
      Мемлекеттік баж және мемлекеттік алым Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы тиісті аумақтық бөліністің салық комитетінің есеп айырысу шотына төленеді, онда төлем құжаттары беріледі (төлем мөлшері мен уақытын растайтын түбіртек немесе «электрондық үкіметтің төлем шлюзі» арқылы берілген төлем туралы чек).
      Азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде мыналар:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттік ұйымдар - тууы туралы куәліктер тіркелгені және қайтадан берілгені үшін;
      2) жеке тұлғалар - азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде жіберілген қателерге байланысты туу, қайтыс болу туралы, әкесін анықтау, ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы актілер жазбалары өзгертілген, толықтырылған және түзетілген кезде өздеріне куәліктер берілгені үшін;
      3) жеке тұлғалар - туыстарының қайтыс болуы туралы оларға қайталап немесе бұрын берілген куәліктер ауыстырылып берілгені үшін;
      4) жеке тұлғалар - ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) және әкесін анықтауға байланысты тууы туралы куәлікті қайтадан бергені үшін растайтын құжаттарын ұсынған ретте мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында (электрондық мекен-жайы www.minjust.kz), сондай-ақ ресми ақпарат көздері және орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде орналастырылады, тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген
      10. Мемлекеттік қызмет:
      уәкілетті органға жүгінген кезде:
      демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзілісімен аптасына бес күн көрсетіледі. Қабылдау кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз ұсынылады. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс кестесі сағат 9.00-дан 18.30-ға дейін, түскі 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліспен жүзеге асырылады. Орталыққа жүгінген кезде:
      жексенбіні және мереке күндерін қоспағанда, Орталықтардың бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз аптасына алты күн көрсетіледі. Филиалдар мен өкілдіктер үшін түскі асқа бір сағаттық үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейінгі жұмыс кестесі белгіленеді. Қабылдау «электронды» кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      11. Уәкілетті органның ғимаратында азаматтарды қабылдауға арналған, ақпараттық стендтермен жабдықталған бөлек кабинет жасақталған.
      Мемлекеттік қызмет көрсету тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Орталықтың ғимаратында көрсетіледі, онда мүмкіндіктері шектеулі тұтынушылар үшін жағдайлар көзделген. Залда анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланкілер үлгісі бар ақпараттық стендтер орналасқан.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушылар:
      заңнамада белгіленген мерзім ішінде тууды тіркеу үшін:
      1) белгіленген нысандағы өтінішті (осы стандарттың 3-қосымшасы);
      2) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін;
      3) ата-анасының неке қию куәлігінің көшірмесі немесе некеге тұрмаған анасының өтінішін;
      4) туу туралы емдеу мекемесінің анықтамасын немесе кемінде екі куәгердің айғағын ұсынады.
      Заңнамада белгіленген мерзім бұзылған кезде қосымша мынадай құжаттар беріледі:
      1) туу туралы акт жазбасының жоқтығы туралы баланың туған жері бойынша аумақтық әділет органының анықтамасы;
      2) оның тұратын жері бойынша баланың денсаулығы туралы медициналық анықтамасы.
      Ата-анасының бірлескен өтініші бойынша әкелікті анықтауды тіркеу үшін:
      1) белгіленген нысандағы өтініш (осы стандарттың 4-қосымшасы);
      2) баланың туу туралы куәлігі;
      3) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
      Сот шешімінің негізінде әкелікті анықтауды тіркеу үшін:
      1) белгіленген нысандағы өтініш (осы стандарттың 4-1-қосымшасы);
      2) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
      3) әкелікті анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі;
      4) баланың туу туралы куәлігі.
      Бала (қыз) асырап алуды тіркеу үшін:
      1) белгіленген нысандағы өтініш (осы стандарттың 5-қосымшасы);
      2) өтініш берушілердің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
      3) бала (қыз) асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесі;
      4) баланың туу туралы куәлігі;
      5) бала (қыз) асырап алушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
      6) бала (қыз) асырап алушылардың неке қию туралы куәлігінің көшірмесі.
      Егер бала (қыз) асырап алушылар шетелдіктер болған кезде, онда қосымша бюджетке мемлекеттік баж төлегенін күні мен көлемін растайтын төлем құжаты беріледі.
      Неке қиюды тіркеу үшін:
      1) белгіленген нысандағы өтініш (осы стандарттың 6-қосымшасы);
      2) некеге тұратын тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
      3) бюджетке мемлекеттік баж төлегенін күні мен көлемін растайтын төлем құжаты;
      Егер заңнамада белгіленген мерзімді қысқарту не ұзарту қажет болған кезде қосымша растайтын құжат беріледі.
      Егер некеге неке жасына толмаған тұлғалар тұратын кезде заңды өкілдерінің келісімдері беріледі.
      Сот шешімінің негізінде неке бұзуды тіркеу үшін:
      1) белгіленген нысандағы өтініш (осы стандарттың 7-қосымшасы);
      2) өтініш берушілердің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
      3) неке бұзу туралы сот шешімінің көшірмесі;
      4) бюджетке мемлекеттік баж төлеген мөлшері мен күнін растайтын төлем құжаты.
      Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені бұзуды тіркеу үшін:
      1) белгіленген нысандағы өтініш (осы стандарттың 7-1-қосымшасы);
      2) өтініш берушілердің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
      3) неке қию туралы куәлік;
      4) құжаттарды беру кезінде - некені бұзу үшін бюджетке мемлекеттік баж төлеген мөлшері мен күнін растайтын төлем құжаты.
      Белгіленген тәртіппен хабарсыз кетті деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешімі негізінде некені бұзуды тіркеу үшін:
      1) белгіленген нысандағы өтініш (осы стандарттың 7-2-қосымшасы);
      2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) сот шешімінің не сот үкімінің көшірмесі;
      4) неке қию туралы куәлік;
      5) бюджетке мемлекеттік баж төлегенін күні мен көлемін растайтын төлем құжаты.
      Тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді тіркеу үшін:
      1) белгіленген нысандағы өтініш (осы стандарттың 8-қосымшасы);
      2) өтініш берушінің туу туралы куәлігі;
      3) егер өтініш беруші некеде тұрса, неке қию туралы куәлігі;
      4) кәмелетке толмаған балалардың тууы туралы куәлігі (егер өтініш берушінің кәмелетке толмаған балалары болса);
      5) бала (қыз) асырап алу туралы куәлік не әке болуды анықтау туралы куәлік (егер азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұлар тіркелген болса);
      6) некенің бұзылуы туралы куәлік (егер өтініш беруші некенің бұзылуына байланысты өзіне некеге дейінгі тегін беру туралы өтініш жасаса);
      7) өтініш берушінің 3x4 мөлшерінде 2 фотосуреті;
      8) өтініш берушінің тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру себептерін түсіндіре отырып, өз қолымен жазылған егжей-тегжейлі өмірбаяны;
      9) жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (әскери қызметшіден - оның жеке басын куәландыратын құжат, ал он алты жасқа толған және паспорт алмаған адамнан - туу туралы куәлік).
      Қайтыс болуды тіркеу үшін:
      1) белгіленген нысандағы өтініш (осы стандарттың 9-қосымшасы);
      2) қайтыс болу фактісін растайтын құжат;
      3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат беріледі.
      Қолданыстағы неке және отбасы туралы заңнамаға сәйкес қайтыс болуы туралы куәліктер қайтыс болған адамдардың мұрагерлер тізіміне енетін тұлғаларға беріледі.
      13. Өтініштер бланкілері уәкілетті органның тиісті кабинетінде не Орталықтың күту залындағы арнайы бағандарда немесе Орталықтың консультанттарында болады.
      14. Уәкілетті органда мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар уәкілетті органның маманына тапсырылады.
      Тұтынушы тікелей жүгінген кезде уәкілетті органның маманы азаматтық хал актілерін тіркеуге берілген құжаттарды қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес келуін тексереді; азаматтық хал актілерін тіркеуге берілген құжаттар қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмеген жағдайда құжаттар өтініш берушіге тиісті түсініктемелер мен кеңестермен қайтарылады; азаматтық хал актілерін тіркеуге берілген құжаттар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келгенде өтінішті арнайы есепке алу журналында тіркейді; қажет кезде тиісті органдарға сауал жолдайды; азаматтық хал актісін тіркейді; дайын құжатты тұтынушыға табыс етеді.
      Орталықтың инспекторы осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттардың толықтығын тексеруді, құжаттардың журналда тіркелуін және құжаттарды жинақтау бөлімінің инспекторына табыс етілуін жүзеге асырады.
      Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттарды жинақтауды, тізілімнің жасалуын және уәкілетті органға жіберілуін жүзеге асырады.
      Орталық қоса берілген құжаттарымен бірге өтініштердің уәкілетті органға жеткізілуін және кері алынуын осы өтініштерді қабылдаған күні кемінде 2 рет жүзеге асырады.
      Уәкілетті органның маманы, осы тармақтың 2-абзацында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асырады және тұтынушыға табыс ету үшін Орталыққа жолдайды.
      Орындалған (дайын болған) құжаттар уәкілетті органнан Орталыққа қолхатта көрсетілген беру мерзімінен бір күн бұрын түсуі тиіс.
      15. Уәкілетті органда құжаттарды қабылдау кезінде тұтынушыға:
      1) сауалды қабылдаған күні;
      2) қосымша берілген құжаттардың саны мен атауы;
      3) құжаттарды беретін күні мен уақыты;
      4) құжаттарды рәсімдеуге қабылдаған маманның тегі, есімі, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттар қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
      Орталық арқылы құжаттарды қабылдаған кезде тұтынушыға:
      1) сауалдың нөмірі мен қабылдау мерзімі;
      2) сұратылатын мемлекеттік қызмет түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттарды беру мерзімі (уақыты) мен орны;
      5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының аты, әкесінің аты, тегі көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
      16. Дайын құжаттарды беруді тұтынушы жүгінген кезінде уәкілетті органның маманы жүзеге асырады.
      Тұтынушыға дайын құжаттар беруді Орталықтың инспекторы мерзімі көрсетілген қолхаттың негізінде «терезелер» арқылы жүзеге асырады.
      17. Тұтынушы осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттарды толық бермеген жағдайда уәкілетті орган, Орталық мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
      Уәкілетті орган Орталықтан түскен құжаттарды ресімдеуде қателерді анықтаған кезде, не осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттар пакеті толық берілмеген кезде құжаттар пакетін алғаннан кейін екі жұмыс күнінің ішінде оларды қайтару себептерін жазбаша дәлелдеп, Орталыққа қайтарып береді.
      Құжаттар пакетін алғаннан кейін Орталық оларды алған соң бір жұмыс күнінің ішінде тұтынушыға мәлімдейді және қайтару себебі туралы уәкілетті органның жазбаша дәлелдерін береді.
      Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзімінде хабарласпаған жағдайда, Орталық олардың бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды уәкілетті органға жібереді.
      Уәкілетті органда құжаттардың сақталу мерзімі мен оларды жою тәртібі ведомстволық нормативтік құқықтық актілермен айқындалады.
3. Жұмыс қағидаттары
      18. Уәкілетті органның және Орталықтардың қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын өтеу кезіндегі заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептілік, толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
      21. Уәкілетті орган қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру үшін және шағым дайындауына көмек көрсету үшін тұтынушы телефондары осы стандарттың 1-1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органның басшыларына жүгінеді.
      Орталықтың инспекторларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінің 58-00-58 телефоны арқылы ала алады.
      22. Шағымдар уәкілетті органның, Орталықтың басшыларының атына ауызша немесе жазбаша нысанда почта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде немесе кеңсе арқылы қолма қол жұмыс күндерінде қабылданады. Уәкілетті органның, Орталықтардың басшыларының мекен-жайлары және телефондары осы стандартқа 1, 1-1-қосымшаларда көрсетілген.
      23. Қабылданған шағым уәкілетті органның, Орталықтың ақпараттарды есепке алу журналында тіркеледі және 15 күнтізбелік күн ішінде қаралады. Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
      Шағымды қараудың нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде почта арқылы жолданады.
6. Байланыс ақпараты
      24. Уәкілетті орган басшыларының және Орталық директорының жұмыс және қабылдау кестелері уәкілетті органның, Орталықтың осы стандарттың 10-тармағында көзделген жұмыс кестесіне сәйкес айқындалады.
      Уәкілетті органның және Орталықтың байланыс телефондары, мекенжайлары 1, 1-1-қосымшаларда көрсетілген, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және уәкілетті органның, Орталықтың ғимараттарындағы стендтерге орналастырылады.
      25. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет-ресурсы http//www.minjust.kz.
«Азаматтық хал актілерін тіркеу»  
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
1-қосымша              
Р/с
Орталықтың атауы
Орталықтың орналасу мекен-жайы
Операциялық залдың телефон нөмірі
Басшының телефон нөмірі
1
Ақмола облысының ХҚО
Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 189 «а» үй
40-10-76
40-10-63
қабылдау бөлмесі
2
Ақтөбе облысының ХҚО
Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109-үй
56-40-34
56-57-87
қабылдау бөлмесі
3
Алматы облысының ХҚО
Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 «б» үй
24-31-10
24-41-33
қабылдау бөлмесі
4
Атырау облысының ХҚО
Атырау қаласы, Авангардская көшесі, 2-23 «б» үй
28-39-14
28-40-14
қабылдау бөлмесі
5
Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО
Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37 «а» үй
47-14-96
28-94-67
қабылдау бөлмесі
6
Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚО
Семей қаласы, 408-орам, 21-үй
33-57-97
33-55-93
қабылдау бөлмесі
7
Жамбыл облысының ХҚО
Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 158 «а» үй
43-84-15
43-84-14
қабылдау бөлмесі
8
Батыс Қазақстан облысының ХҚО
Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81-үй
23-67-16
23-68-81
қабылдау бөлмесі
9
Қарағанды облысының ХҚО
Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 7-үй
41-63-03
41-63-10
қабылдау бөлмесі
10
Қостанай облысының ХҚО
Қостанай қаласы, Таран көшесі, 114-үй
53-45-74
54-10-20
қабылдау бөлмесі
11
Қызылорда облысының ХҚО
Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесі, н/ж
23-09-15
23-08-46
қабылдау бөлмесі
12
Маңғыстау облысының ХҚО
Ақтау қаласы, 15 шағынаудан, 67 «б» үй
42-23-14
42-23-12
қабылдау бөлмесі
13
Павлодар облысының ХҚО
Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48-үй
33-47-54
33-47-35
қабылдау бөлмесі
14
Солтүстік Қазақстан облысының ХҚО
Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 157-үй
33-21-12
33-31-03
қабылдау бөлмесі
15
Оңтүстік Қазақстан облысының ХҚО
Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесі, н/ж
21-48-43
30-06-79
қабылдау бөлмесі
16
Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО
Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221-үй
378-09-10
378-09-09
қабылдау бөлмесі
17
Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО
Алматы қаласы, Ходжанов көшесі, 9-үй
249-69-04
248-17-77
қабылдау бөлмесі
18
Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚО
Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155-үй
378-46-72
378-47-01
қабылдау бөлмесі
19
Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО
Алматы қаласы, Марков көшесі, 44-үй
386-90-18
239-65-52
қабылдау бөлмесі
20
Алматы қаласы Түркісіб ауданының ХҚО
Алматы қаласы, Зорге көшесі, 9-үй
234-09-27
234-09-35
қабылдау бөлмесі
21
Астана қаласы Алматы ауданының № 1. ХҚО
Астана қаласы, Жұбанов көшесі, 2-үй
37-21-94
37-02-06
қабылдау бөлмесі
22
Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚО
Астана қаласы, Күйші Дина көшесі, 31-үй, 1,2,3 іүж
40-66-54
40-65-62
қабылдау бөлмесі
23
Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚО
Астана қаласы, Республика даңғылы, 43-үй
32-07-13 32-46-97
32-42-79
қабылдау бөлмесі
24
Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚО
Астана қаласы Тілендиев даңғылы, 81, 85 үй.
37-70-46
37-74-34
қабылдау бөлмесі
«Азаматтық хал актілерін тіркеу»  
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
1-1-қосымша            
Р/с
Уәкілетті органның атауы
Уәкілетті органның орналасқан мекен-жайы
Бөлімнің телефон нөмірі
Басшысының телефон нөмірі
1
Астана қаласының Әділет департаменті
010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 15 үй
(87172) 32-22-87,
32-32-95
39-12-13
қабылдау бөлмесі
2
Ақмола облысының Әділет департаменті
020000, Көкшетау қаласы, М. Горького көшесі, 37 үй
(87162) 25-08-88,
25-06-89
25-29-16
қабылдау бөлмесі
3
Алматы қаласының Әділет департаменті
050008, Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 287 үй
(87272) 43-37-91,
42-69-94
77-55-45
қабылдау бөлмесі
4
Алматы облысының Әділет департаменті
488003, Талдықорған қаласы, Каблиса Жырау көшесі, 69-А үй
(87282) 24-47-18,
21-25-39
21-08-15
қабылдау бөлмесі
5
Ақтөбе облысының Әділет департаменті
030000, Ақтөбе қ., Абылхаир-хан пр., 51А үй
(87132) 56-30-80,
56-03-36
56-30-80
қабылдау бөлмесі
6
Атырау облысының Әділет департаменті
060006, Атырау қаласы., Баймуханова көшесі, 16А үй
(87122) 35-75-10
35-75-38
қабылдау бөлмесі
7
Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті
070002, Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 6 үй
(87232) 22-26-61,
47-87-19
47-87-17
қабылдау бөлмесі
8
Жамбыл облысының Әділет департаменті
080000, Тараз қаласы, Қойгелды көшесі, 158А үй
(87262) 45-20-89
43-05-05
қабылдау бөлмесі
9
Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті
090006, Орал қаласы, Достык даңғылы, 208 үй
(87112) 51-52-69
51-35-45
қабылдау бөлмесі
10
Қарағанды облысының Әділет департаменті
100019, Карағанды қаласы, Жамбыл көшесі, 11А үй
(87212) 42-05-33,
42-05-39
42-05-33
қабылдау бөлмесі
11
Қостанай облысының Әділет департаменті
110000, Қостанай қаласы, Таран көшесі, 38 үй
(87142) 54-89-08,
54-82-23
54-82-23
қабылдау бөлмесі
12
Қызылорда облысының Әділет департаменті
120014, Қызылорда қаласы, Айтеке би көшесі, 29 үй
(87242) 26-27-43,
26-17-30
26-19-35
13
Маңғыстау облысының Әділет департамент
130000, Ақтау қаласы, 12 шағын ауданы, 8 үй
(87292) 43-31-54
42-05-70
қабылдау бөлмесі
14
Павлодар облысының Әділет департаменті
140000, Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 18 үй
(87182) 32-16-21,
32-15-67
32-32-58
қабылдау бөлмесі
15
Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті
150010, Петропавл қаласы, Конституция көшесі, 72 үй
(87152) 33-44-42,
33-76-66
33-26-35
қабылдау бөлмесі
16
Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті
160012, Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 16 үй
(87252) 53-29-47,
23-32-71
23-23-76
қабылдау бөлмесі
«Азаматтық хал актілерін тіркеу»  
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
2-қосымша             
Кесте. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері
Көрсеткіштің нормативтік мәні
Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні
1. Уақтылылығы
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғалары % (үлесі)
 
 
 
1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі)
 
 
 
2. Сапасы
2.1. Қызмет көрсетулерді ұсыну процесінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
 
 
 
2.2. Құжаттар дұрыс ресімдеген жағдайлары (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)
 
 
 
3. Қол жетімділік
3.1. Қызмет көрсетулерді ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
 
 
 
3.2. Тұтынушылар құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші тапсырған оқиғалардың % (үлесі)
 
 
 
3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызмет көрсетулердің, ақпараттардың % (үлесі)
 
 
 
4. Шағымдану процесі
4.1. Қызмет көрсетудің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы саны мен негізделген шағымдардың % (үлесі)
 
 
 
4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізді шағымдардың % (үлесі)
 
 
 
4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібімен қанағаттандырылған тұтынушылардың % (үлесі)
 
 
 
4.4. Шағымдану мерзімімен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
 
 
 
5. Сыпайылық
5.1. Қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
 
 
 
«Азаматтық хал актілерін тіркеу»  
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
3-қосымша             
_______________________________ аудандық
әділет басқармасының АХАЖ бөлімі
_________________________________ кімнен
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
________________________________________
____________________ мекен-жайда тұратын
тел. № _________________________________
Тууды тіркеу туралы өтініш
Бала туралы мәліметтер:
Тегі ________________ Аты ________________ Әкесінің аты _____________
туған уақыты «__» __________ 20__ ж. жынысы ________ анасының нешінші
баласы __________________
Ана туралы мәліметтер:
Тегі ________________ Аты ________________ Әкесінің аты _____________
Туған уақыты «__» __________ 20__ ж. Ұлты _____________
Білімі ______________________________________________________________
Жұмыс орны және лауазымы ____________________________________________
Отбасылық жағдайы ___________________________________________________
Неке қию орны мен уақыты ____________________________________________
Неке қию туралы акт жазбасының № ____________________________________
Әке туралы мәліметтер:
Тегі ________________ Аты ________________ Әкесінің аты _____________
Туған уақыты «__» __________ 20__ ж. Ұлты _____________
Білімі ______________________________________________________________
Жұмыс орны және лауазымы ____________________________________________
20__ ж. «__» __________________                Қолы _________________
«Азаматтық хал актілерін тіркеу»  
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
4-қосымша             
__________________________________
(АХАЖ органының атауы)
кімнен ___________________________
(әкесінің тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________
(анасының тегі, аты, әкесінің аты)
Ата-анасының әкелікті анықтау жөнінде бірлескен
ӨТІНІШІ
Мен, __________________________________ 20__ жылы «__» ______________
          (тегі, аты, әкесінің аты)
азаматша ___________________________________________________дан туған
                (анасының тегі, аты, әкесінің аты)
___________________________________________ баланың әкесі екендігімді
      (баланың тегі, аты, әкесінің аты)
мойындаймын.
Мен, _____________________________ баланың __________________________
       (тегі, аты, әкесінің аты)            (тегі, аты, әкесінің аты)
анасы, азамат ___________________ менің баламның әкесі деп растаймын.
           (тегі, аты, әкесінің аты)
Әкелікті анықтауды тіркеуді баланың әкесінің атын әкесінің есімі
____________________________ бойынша тегін __________________________
деп көрсетуді өтінеміз.
Сонымен бірге, баланың туу туралы акт жазбасына әкесі туралы
мәліметтерді енгізуді, сондай-ақ анасының некеге дейінгі тегін ______
_____________ баланың әкесімен некеге отырғаннан кейін қабылданған
тегі ____________________________ деп түзетуді,
және баланың туу туралы жаңа куәлік беруді өтінеміз.
Туу «__» ____________ 20__ жылы ___________________________ тіркелді.
                                   (АХАЖ органның атауы)
№ жазба.
*Анасы баланың әкесімен некеге отырған жағдайда ғана толтырылады.
Өзіміз туралы келесі мәліметтерді хабаралаймыз:
 
 
Әкесі
Анасы
1
Туған күні
19__ ж. «__» ____________
19__ ж. «__» ____________
2
Ұлты
 
 
3
Азаматтығы
 
 
4
Тұрақты тұратын жері
қала (ауыл) _________
аудан _______________
облысы (өлкесі, республика) _________________________
көш. ____________________
№ _____ пәтер ___________
қала (ауыл) _________
аудан _______________
облысы (өлкесі, республика) _________________________
көш. ____________________
№ _____ пәтер ___________
5
Қай жылдан
 
 
6
Қайда, кім болып жұмыс істейді
 
 
7
Білімі
 
 
8
Жеке басты куәландыратын құжат (сериясы, нөмірі, қашан және кіммен берілген)
 
 
Біздің некеміз _____________________________________________ тіркелді
       (қашан және қандай АХАЖ органымен, акт жазбасының нөмірі)
_____________________________________________________________________
Өтінішке: 1. Баланың туу туралы куәлігін
          2. Егер ата-анасы некеде тұрса, неке қию туралы куәлігін
қоса береміз.
Әкесі ________________________         Анасы ________________________
             (қолы)                                   (қолы)
      20__ ж. «__» __________________
«Азаматтық хал актілерін тіркеу»  
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
4-1-қосымша           
_____________________________________
(аудандық/қалалық АХАЖ бөлімінің атауы)
ауданының (қаласының) әділет
басқармасының АХАЖ бөліміне
______________________________ кімнен
Сот шешімінің негізінде әкелікті анықтау туралы
ӨТІНІШ
      ________________________________________________________ соттың
20__ жылғы «__» _______ №__ шешімі негізінде, азамат ________________
                                            (тегі, аты, әкесінің аты)
«__» __________ 20__ ж. ____________________________ азаматшада туған
                     (анасының тегі, аты, әкесінің аты)
___________________________________________ баланың әкесі деп танылды
      (баланың тегі, аты, әкесінің аты)
      Әкелікті анықтауды тіркеуді, баланың әкесінің атын әкесінің есімі бойынша _____________ тегін _______________ көрсетуді өтінеміз.
Баланың тууы «__»___________ 20__ ж. _______________________ тіркелді
                                     (АХАЖ органының атауы)
№ жазба.
                     Мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
 
 
Әкесі
Анасы
1
Туған күні
19__ ж. «__» ____________
19__ ж. «__» ____________
2
Ұлты
 
 
3
Азаматтығы
 
 
4
Тұрақты тұратын жері
 
 
5
Қайда, кім болып жұмыс істейді
 
 
6
Білімі
 
 
7
Жеке басты куәландыратын құжат (сериясы, нөмірі, қашан және кіммен берілген)
 
 
Өтініш берушінің қолы _____________     20__ ж. «__»________________
                          (қолы)
«Азаматтық хал актілерін тіркеу»  
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
5-қосымша             
____________________________________ АХАЖ аудандық (қалалық) бөліміне
(аудандық/қалалық бөлімінің атауы)
кімнен ______________________________________________________________
                      (тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________ тұратын
                 (тұрақты тұратын жері)
Бала (қыз) асырап алуды тіркеу туралы өтініш
Мен _________________________________________________________________
                       (тегі, аты, әкесінің аты)
және азамат(-ша) ____________________________________________________
                             (тегі, аты, әкесінің аты)
бала ___________________________ заңды күшіне енген _________________
(асырап алынғанға дейінгі баланың Т.А.Ә.)             (соттың атауы)
Соттың шешімі АХАЖ органына ұсынылды.
Баланың туған күні 20__ ж. «__»________________
Баланың туған жері __________________________________________________
Баланың туған 20__ ж. «__»__________________________________ тіркелді
                               (АХАЖ бөлімінің атауы)
Бала туралы мынадай мәліметтерді көрсетіп, __________________________
                                 (бала(қыз) асырап алынғаннан кейінгі
___________________________ бала (қыз) асырап алуды тіркеуді сұраймыз
Т.А.Ә., туған жері, туған уақыты)
      Сонымен бірге ата-аналары туралы мәліметтерді жазуды (егер
соттың шешімінде көрсетілсе) және жаңа куәлік беруді өтінеміз.
      Өтініш берушінің қолы _________________________________________
      Өтініш берген күні ____________________________________________
«Азаматтық хал актілерін тіркеу»  
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
6-қосымша             
_________________ ж. өтініш алынды     ________________ неке тіркелді
және № _________ журналда тіркелді     акт жазуының _________________
некені тіркеу _____ ж.сағ.____мин.     ______________________________
тағайындалды                           (аудандық (қалалық) АХАЖ
__________________________________           бөлімінің атауы)
аудандық (қалалық) АХАЖ бөлімінің
бастығы __________________________     ______________________________
НЕКЕГЕ ТҰРУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ
 
 
ЕР АДАМ
ӘЙЕЛ
1.
Тегі
 
 
2.
Аты
 
 
3.
Әкесінің аты
 
 
4.
Туған күні, жасы
«__»__________ ж. _________жас толды
«__»__________ ж. _________жас толды
5.
Азаматтығы
 
 
6.
Туған жері (қала, село, аудан, облыс, өлке, республика)
 
 
7.
Ұлты
 
 
8.
Білімі
 
 
9.
Кім болып және қайда жұмыс істейді
 
 
10.
Отбасылық жағдайы: некеде тұрған жоқ, жесір, ажырасқан
 
 
11.
Ортақ балалары туралы мәліметтер
 
 
12.
Тұрақты тұратын жері
 
 
13.
Қай жылдан
 
 
14.
Нешінші рет некеге тұрады
 
 
15.
Жеке басты куәландыратын құжаттар (нөмірі, қашан және кім берді)
 
 
Некеге тұруға кедергілер жоқ.
Некеге тіркелгеннен кейін мына тектерді алуды тілейміз
күйеуі ______________________________
зайыбы ______________________________________________________________
Некеге отырудың шарттары және тәртібімен таныстық. Болашақ жұбайлар
мен және ата-аналар ретінде құқықтар мен міндеттеріміз түсіндірілді.
Бізге некеге отыру үшін кедергі келтіретін мән-жайлар ескертілді.
Некеге тұрушылардың қолдары: ЕРІ ____________________________________
                                      (некеге тұрғанға дейінгі)
                             ӘЙЕЛІ __________________________________
                                      (некеге тұрғанға дейінгі)
________________ ж. «___» ___________________
«Азаматтық хал актілерін тіркеу»  
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
7-қосымша             
__________________________________
(АХАЖ органының атауы)
кімнен ___________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) 
НЕКЕНІ БҰЗУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ
__________________________________________________ соттың некені бұзу
     (соттың атауы, шешімінің күні мен нөмірі)
туралы шешімінің негізінде ерлі-зайыптылардың некесін бұзуын тіркеуді
өтінеміз (өтінемін) Неке бұзушылар туралы мынадай мәліметтерді
хабарлаймыз (хабарлаймын):
 
 
ЕРІ
ЗАЙЫБЫ
1.
Тегі: неке бұзылғанға дейін
 
 
 
неке бұзылғаннан кейін
 
 
2.
Аты
 
 
3.
Әкесінің аты
 
 
4.
Туған күні
 
 
5.
Жасы
_____жасқа толды
_____жасқа толды
6.
Ұлты
 
 
7.
Азаматтығы
 
 
8.
Тұрақты тұратын жері
 
 
9.
Қай жылдан
 
 
10.
Білімі
 
 
11.
Қайда және кім болып істейді (егер жұмыс істемесе, күнкөріс көзі көрсетілсін)
 
 
12.
Нешінші рет некеде тұрды
 
 
13.
Бұзылып отырған неке қайда қиылды (некеге тұру туралы акт жазбасының нөмірі және күні)
 
 
14.
Өндіруге жататын мемлекеттік баж сомасы
 
 
15.
18 жасқа дейінгі балалары (Т.А.Ә.)
 
 
16.
Жеке басын куәландыратын құжаттар
 
 
Өтінішке: ___________________________________________ қоса тіркейміз.
Неке бұзушылардың қолдары: Ері ______________________________________
                           Зайыбы ___________________________________
20__ ж.«__» __________________
«Азаматтық хал актілерін тіркеу»  
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
7-1-қосымша            
_______________ ауданының АХАЖ бөліміне
________________________________ кімнен
(тегі, аты, әкесінің аты)          
________________________________ кімнен
(тегі, аты, әкесінің аты)          
Арыз 20__ ж. «__»___________________________ қабылданды және журналда
№ _______________________ тіркелді
Некені бұзуды тіркеу 20__ ж. «__»_________________________ белгіленді
Қолы ______________________________________
НЕКЕНІҢ БҰЗЫЛУЫН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ АРЫЗ
      Біз, төменде қол қоюшылар, өзара келісім бойынша некемізді бұзуды өтінеміз. Кәмелетке толмаған балаларымыз және белуге байланысты дауымыз жоқ.
 
 
ЕРІ
ЗАЙЫБЫ
1.
Тегі
 
 
2.
Аты
 
 
3.
Әкесінің аты
 
 
4.
Туған күні
 
 
5.
Жасы
 
 
6.
Ұлты
 
 
7.
Тұрақты тұратын жері
 
 
8.
Қайда және кім болып істейді (егер жұмыс істемесе, күнкөріс көзі көрсетілсін)
 
 
9.
Білімі
 
 
10.
Нешінші рет некеде тұрды
 
 
11.
Бұзылып отырған неке қайда қиылды, некеге тұру туралы актінің нөмірі және күні
 
 
12.
Некені бұзғаннан кейін қандай тегін алуды қалайды (некеге дейінгі немесе некені тіркеу кезінде қабылдағаны)
 
 
13.
Некені бұзудың себебі
 
 
14.
Жеке басын куәландыратын құжаттар
 
 
Некені бұзу шарттарымен таныстық, АХАЖ органдарына жалған мәліметтерді хабарланғаны үшін жауапкершілік ескертілді.
Некені бұзушылардың қолдары
ЕРІ __________________________    ЗАЙЫБЫ ______________________
         (некедегі тегі)                     (некедегі тегі)
                                             20__ ж. «__»____________
«Азаматтық хал актілерін тіркеу»  
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
7-2-қосымша            
20 жылғы «__»______________ өтініш қабылданды
Неке бұзуды тіркеу
20 жылғы «__»___________________ тағайындалды
қолы ________________________________
___________________________ жолданды
жауап 20__ ж. «__»___________ күтуде
20__ жылы «__»______________________
дау жоқ туралы, дау бар туралы
жауап түсті, жауап берілген жоқ
(керегін сызып қою)
____________________________________
(АХАЖ органының атауы)     
_____________________________ кімнен
(тегі, аты, әкесінің аты)        
Белгіленген тәртіппен хабарсыз кетті деп немесе жүйке ауруы немесе
ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған
адамдармен не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас
бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешімі негізінде неке
бұзу тіркеу туралы өтініш
____________________________________ туралы _________________________
соттың № _________ 20__ жылғы «__» _________________ шешімі/үкімі
негізінде ___________________________________________________________
                        (тегі, аты, әкесінің аты)
неке бұзуды тіркеуді өтінемін
Неке бұзушылар туралы мәліметтер:
 
 
ЕРІ
ЗАЙЫБЫ
1.
Тегі: неке бұзылғанға дейін
 
 
 
неке бұзылғаннан кейін
 
 
2.
Аты
 
 
3.
Әкесінің аты
 
 
4.
Туған уақыты
 
 
5.
Жасы
_____жасқа толды
_____жасқа толды
6.
Ұлты
 
 
7.
Азаматтығы
 
 
8.
Тұрақты тұратын жері
 
 
9.
Қай жылдан
 
 
10.
Білімі
 
 
11.
Қайда және кім болып істейді (егер жұмыс істемесе, күнкөріс көзі көрсетілсін)
 
 
12.
Нешінші рет некеде тұрды
 
 
13.
Бұзылып отырған неке қайда қиылды (некеге тұру туралы акт жазбасының нөмірі  және күні)
 
 
14.
Өндіруге жататын мемлекеттік баж сомасы
 
 
15.
18 жасқа дейінгі балалары (Т.А.Ә.)
 
 
16.
Жеке басын куәландыратын құжаттар
 
 
Почта мекен-жайы ____________________________________________________
                  (сотталған ерлі-зайыбының тегі, аты, әкесінің аты,
_____________________________________________________________________
   әрекетке қабілетсіз ерлі-зайыбының қорғаншының, хабарсыз кеткен
_____________________________________________________________________
      зайыбының мүліктік қорғаншының, нақты мекен-жайды көрсету)
Өтінішке: ___________________________________________ қоса тіркейміз.
Өтініш берушінің қолы _______________________________
20__ ж. «__» ________________
«Азаматтық хал актілерін тіркеу»  
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
8-қосымша             
____________________________________ АХАЖ аудандық (қалалық) бөліміне
(аудандық (қалалық) бөлімінің атауы)
_____________________________________________________________ тұратын
               (тұрғылықты тұратын жері)
кімнен ______________________________________________________________
                    (өтініш берушінің т., а., ә.)
Тегін, атын, әкесінің, атын өзгерту туралы
ӨТІНІШ
(керегінің астын сызу керек)
____________________________________________________ соған байланысты
             (Т.А.Ә. ауыстыру себебі)
_____________________________________________________________________
      (қандай өзгерістер жасау керектігін көрсету керек)
мынадай ________________________________________ ауыстыруды өтінемін.
              (таңдап алған т., а., ә.,)
Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
1. Тегі, аты, әкесінің аты __________________________________________
2. Туған күні _______________________________________________________
3. Туған жері _______________________________________________________
4. Ұлты _____________________________________________________________
5. Азаматтығы _______________________________________________________
6. Отбасылық жағдайы ________________________________________________
7. Кәмелетке толмаған балалардың тегі, аты, әкесінің аты, туған күні
және мөрі ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
8. Жеке басты куәландыратын құжат
_____________________________________________________________________
9. Қайда және кім болып жұмыс істейді _______________________________
10. Әскери қызметке қатысы:
а) қай жерде есепте тұр _____________________________________________
б) қызмет етіп жүрген әскери бөлімнің атауы _________________________
11. Бұрынғы тұрған жерлер қашан тұрғаны туралы дәл тізбесі __________
_____________________________________________________________________
                       Өтінішке қоса беремін:
1)________________________________  3)_______________________________
2)________________________________  4)_______________________________
20__ ж. «__» ____________________
«Азаматтық хал актілерін тіркеу»  
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
9-қосымша             
____________________ ауданының АХАЖ бөліміне
____________________________________ тұратын
кімнен _____________________________________
жеке куәлік ________________________________
ӨТІНІШ
      Қайтыс болған _________________________________________________
                     (қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
                  (қайтыс болған уақыты және жері)
___________________________________ қайтыс болғанын тіркеуді өтінемін
      Өтінішке: ____________________________________________ ұсынамын
20 жылғы «__» _____________________            Қолы _________________