-A A +A

Қолданушының келісімі

WhatsApp арқылы жіберуші туралы толық емес ақпаратпен түскен жолдаулар (Аты-жөнісіз) қарастыруға жатпайды. Сұрақ қойған адамның мәліметтері (Аты-жөні, нөмірі) сайтта жарияланбайды.
Әділет министрлігінің құзіретіне жатпайтын сұрақтарға уәкілетті органға жүгіну ұсынысымен жауап беріледі. Министрліктің құзыретіне жатпайтын сұрақтар басқа ведомстволарға жіберілмейді. Орынсыз қойылған сұрақтары бар жолдаулар қарастыруға жатпайды.
Сұранымның мәтін өлшемі 600 символдан аспауы керек.
Сұрақта Сізбен баяндалған жеке мәліметтер құпиялы түрде қалады. Олар Интернет-ресурста жарияланбайды, үшінші тұлғаларға берілмейді, және тек қана Сізге хабарлама ұсыну мақсатында ғана қолданылады.
 
Қолданушылық келісім.
1.  Сұрақты жариялау реті
 
WhatsApp қосымшасы арқылы Сізге әділет органдарының лауазымдық тұлғаларына сұрақ қою мүмкіндігі беріледі.
 
Қарастырылмайтын сұрақтар:
жеке жағдайды қоспағанда, аты-жөні көрсетілмеген
құрамында былапыт сөздер бар
құрамында түсініксіз қысқартулар немесе оқылмайтын мәтін болғанда
 
Жұмыстан тыс уақытта келіп түскен жолдаулар таяудағы жұмыс күні қарастырылады.
Әділет министрлігінің жұмыс кестесі: дб-жм., сағат 09:00 ден 18.30 дейін.
 
Сұрақтың құрамына сайт Әкімшілігі жауапты емес.
 
2.  Қолданушының құқықтары мен міндеттері
1.  Қолданушы құқылы:
1)  «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңымен белгіленген тәртіппен жазбаша жолдау.  Яғни, WhatsApp арқылы жолдау Қолданушыны жолдау мүмкіндігімен қолдану заңды құқығынан айырмайды, айтылған заңда жазылғандай.
 
2.  Қолданушы міндетті:
1) Сұрақтың мәні нақты баяндалған болуы тиіс, қажетті жағдайда уақыттың, орынның, болған фактісінің басқа жағдайларын, сонымен қоса объективті және толық қарастырылуы үшін басқа ақпараттың көрсетілуімен.
 
Қазақстан Республикасының  заңына сәйкес жолдаудың құрамындағы ақпараттың дұрыстығы мен толықтығы үшін жауапкершілік Қолданушының мойнында екенін Қолданушы түсінуі қажет.
 
3. Сайт Әкімшілігінің құқықтары мен міндеттері
1. Сайт Әкімшілігі құқылы:
1) Қолданушы немесе жолдаулар иесінің Қазақстан Республикасының заңнамасындағы немесе осы Келісімнің шарттарын сақтамаған жағдайда бір жақты ретте жеке сұрақтарды өшіру немесе жеке IP-мекен-жайын немесе мекен-жайлар топтарын бұғаттау;
2) жоғарыда айтылған негіздер бойынша жолдауларды алып тастау
3) қажет болған жағдайда жолдауды қарастырудың белгіленген мерзімін ұзарту
4) Осы Қолданушы келісімінің жеке қағидаларын бір жақты өзгерту
 
2. Сайт әкімшілігінің міндеттері:
1) сұрақты қарастырып, жеті жұмыс күні ішінде толық жауап беру немесе
«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заңымен белгіленген тәртіп бойынша мерзімді ұзарту туралы хабарлау.