You are here

Діни экстремизм мен терроризмге тоқсауыл қою

         ОҚО Кентау қалалық Әділет басқармасының бастығы М.Қасымбаев Кентау қаласында әрекет ететін діни бірлестіктерінің құжаттарын реттеу мақсатында экстремизм мен терроризмге қарсы күресті жандандыру және ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау мақсатында «Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы» діни бірлестігінің  «Әлі Бекен» мешітінде үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесуде М.Қасымбаев экстремизм мен терроризмге қарсы біршама түсініктеме берді. Яғни, тәуелсіз еліміз саяси экономикалық, әлеуметтік салаларда көптеген маңызды жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстан егеменді ел ретінде қалыптасу кезеңінен өтті және дүниежүзілік қауымдастықтың толық занды мүшесіне айналды. Елімізде азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісім қамтамасыз етілді. Рухани өмірімізде мәдениет, тіл дін мен ділімізді қалпына келтіру үшін маңызды істер атқарылуда. Ата-бабаларымыздың діні исламға еркіндік беріліп, мешіттер мен діни оқу орындарының саны жылдан-жылға көбейіп, халқымыздың әсіресе жастарымыздың дінге деген қызығушылығын арттыруда. Социологиялық зерттеулер облыс халқының 80%, ал кейбір аудандар бойынша 90% діншілдігін көрсетіп отыр. Бұл көрсеткіш бүгінгі күнгі облысымыздың саяси қоғамдық өмірінде діннің алатын орнының аса маңызды екенін дәлелдейді.
Халықаралық діни экстремистік ұйымдар Тәжікстандағы, Қырғызстандағы, Өзбекстандағы және Шыңжандағы жағдайларды шайқалтуға әрекет жасаған. Сондықтан қазіргі уақытта діни идеологияны жамылып жүрген экстремизм мен лаңкестікке қарсы әрекет ету өзекті мәселеге айналып отыр.
Республикамызда діни экстремизм қаупіне тиісінше қарсы әрекет етуге мүмкіндік беретін лаңкестікпен және экстремизмнің басқа да белгілерімен күрестің заңнамалық негізін жетілдіру бойынша салмақты жұмыс жүргізілуде деп айтуға болады.
Сонымен қатар, кездесуде Елбасы Жолдауы да жан-жақты насихатталып, Жолдау аясында атқарылған ауқымды жұмыстар баса айтылды.
 
Оңтүстік Қазақстан облысы
Әділет департаментінің

баспасөз қызметі

Егер сіз мәтінде қате тапсаңыз - Емле қатесін белгілеп Ctrl+Enter батырмаларын басыңыз
Шрифт өлшемі
Қалыпты өлшем
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қарамен
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Настройки
Настройки
Қалыпты нұсқа
Қалыпты нұсқа