-A A +A

Жоба туралы

Жоба туралы

Жобаның мақсаттары

Қазақстан Республикасы Халықаралық қайта құру және даму банкінен (ХҚҚДБ) ХҚҚДБ шарттарында 36 млн. АҚШ доллары мөлшерінде 59,9 млн. АҚШ долларды құрайтын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (ҚР ӘМ) іске асыратын Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту жобасын қаржыландыру үшін қарыз алды.

Жоба тіркеу қызметтерін көрсету, құқықтық көмек, сот төрелігіне қол жетімділігін, сот актілерін орындау, жаза тағайындау тәжірибесін, бұрын құқық бұзған азаматтарды оңалту және мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеруді қамтитын сот төрелігі саласындағы кең қызмет көрсетулерді атқаратын мемлекеттік органдарға институционалдық қолдау көрсетуді көздейді.

Жобаның мақсаты:

- іріктелген заңдарды тиімді іске асыру үшін іріктелген мекемелердің институционалдық мүмкіндіктерін арттыру;

- сот төрелігі секторында іріктелген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тиімділігін, ашықтығын және оларға қолжетімділікті арттыру болып табылады.

Жоба компоненттері

Қойылған мақсаттарға жету үшін Жоба іріктелген төрт компоненттен тұрады:

  • А компоненті — құқықтық және институционалдық базаның негізгі элементтерін іске асыруды нығайту. Бұл компонент Қазақстанның жеке секторының қызметіне мемлекеттік араласуды азайтуға, кәсіби ұйымдардың өзін-өзі басқаруды қамтамасыз етуге және дауларды шешудегі заманауи, ашық жүйені енгізуге бағытталған.
  • В компоненті - Әділет министрлігі көрсететін қызметтердің сапасын және жеделдігін арттыру, және де бұрын құқық бұзған азаматтарды әлеуметтік-экономикалық реинтеграциялауға жәрдемдесу стратегиясын құру және істерді неғұрлым тиімді қарау үшін соттар мен өзге мекемелекеттік мекемелермен байланысты жақсарту.
  • С компоненті - Төменгі сатыдағы соттарға қатысты әкімшілік және басқару функцияларын орындау бойынша Жоғарғы Соттың институционалдық әлеуметін нығайту, операциялық тиімділігін көтермелеуге бағытталған Жоғарғы Соттың және таңдалған жоғары ауыртпалығы бар соттарға қолдауды қосқандағы судьялардың тиімділігі мен кәсібилігін нығайту.
  • D компоненті - Жобаны іске асыру, үйлестіру және степендия беру.

Жоба қатысушылары

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Жобаға қатысушылар, ал Әділет министрлігі Жобаның әкімшісі болып табылады.

Жоба Әкімшісі

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Жобаның әкімшісі ретінде Жобаның нәтижелері мен әсері туралы есеп, мониторинг, бақылау сондай-ақ Жобаның іске асуына және үйлестіруіне, бюджеттеуіне жауап береді.

Жобаны іске асыруды қолдау тобы

Әділет министрлігімен Жобаны іске асыруды қолдау тобы ретінде PricewaterhouseCoopers консалтингтік компаниясы таңдалды. Жобаны іске асыруды қолдау тобының мақсаты жалпы жобаны басқару, сатып алу және қаржылық басқару мәселелері бойынша Әділет министрлігіне қолдау көрсету болып табылады.
Жобаны іске асыруды қолдау тобының құрамына жобаның қатысушыларына мүдделерді іске асыру, сондай-ақ жобалық басқаруда, сатып алу және қаржыны басқаруда қолдау көрсететін тәжірибесі бар сарапшылар мен консультанттар кірді.

Жоба бойынша ағымдағы жұмыс прогрессі

Қазіргі уақытта Жобаны іске асыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге және жоба қатысушыларының операциялық қызметтерін жақсартуға көмек беретін бастамашылықтарды жасау мен іске асыру.

Әділет министрлігі

Әділет министрлігі ақпараттық-коммуникациялық кешенді оңтайландыру және сот сараптамасын күшейту арқылы жобаның мақсаттарына қол жеткізу бойынша жұмысты атқарып отыр.
Қазіргі уақытта сот сараптамасын күшейту бойынша жұмысты құрамына жетекші халықаралық және жергілікті университеттер мен консалтинг компаниялары кіретін консорциум жүзеге асырып жатыр. Консультанттың жұмысы құқықтық және институционалдық базаны, сот сараптамасының қызметі мамандарының кәсіби дағдылары мен әлеуетін нығайтуға, мемлекетпен ұсынылатын және реттелетін сот сараптамасының деңгейін көтеруді қамтиді және т.б.

Жоғарғы Сот

Дүниежүзілік Банктің ықпалдастығы негізінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты пилоттық соттар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының оқу үрдістерінің ұйымдастыру және үрдістерді автоматизациялау үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ақпараттық коммуникациялық кешенін нығайту бойынша мүмкіндіктерді күшейту жөнінде айтарлықтай жұмыс атқарылып жатыр.
Сонымен қатар, Дүниежүзілік Банктің  қолдауы шеңберінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өз өкілдерінің кәсіби оқыту және сот қызметі бойынша ең жақсы тәжірибесі бар елдерге халықаралық сапарларды қосқанда тәжірибе алмасу бойынша іс-шараларды жүзеге асырды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және басқа соттар судьялары үшін және заңды тұлғаларды оңалту және банкроттылық саласындағы мәселелерді шешу тақырыбында және Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тақырыбы бойынша семинарлар өткізілді.

Ішкі істер министрлігі

Жобаның шеңберінде ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Жобаны іске асыруды қолдау тобымен бірлесіп пробация қызметін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуді жоспарлап отыр. «Пробация туралы» Заңына және азаматтарды әлеуметтік оңалту стратегиясына сарапшылық баға және ұсыным беру үшін халықаралық консультант шақырылды.

Бас прокуратура

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу, кадрларды оқыту және дайындау, үрдістерді автоматизациялау бойынша бастамашылықтар шеңберінде жұмысты атқарып жатыр. Қазіргі уақытта ұсынылған бастамашылықтарды іске асыру үшін жергілікті және халықаралық компанияларды таңдауға дайындық жүргізіліп жатыр.