-A A +A

Мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау

 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 
жетекшілік ететін саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық жоспарлардың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу және іске асыру тиімділігін бағалаудың нәтижелері туралы
ҚОРЫТЫНДЫ
____________________________________________________________________________________
(орталық мемлекеттік/жергілікті атқарушы органның атауы)
 
 
    2015 жыл
______________
(есептік кезең)
 
Бағалау өлшемшарттары
Коэффициент
Бал
1
Стратегиялық жоспар талдауының сапасы мен толықтылығы
0,79
 
2
Стратегиялық жоспар мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу
0,85
 
3
Тәуекелдерді басқару сапасын талдау
0,88
 
Бал шегеру
2,40
Жалпы баға
82,15
 
Орталық мемлекеттік органның қызметін бағалау бойынша талдамалы есеп және қорытынды:
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 «Облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астаналық орталық және жергілікті мемлекеттік атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қарашадағы № 686 бұйрығымен бекітілген жетекшілік ететін саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиімділігін бағалау жөніндегі Әдістемеге (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес, ҚР Әділет министрлігі (бұдан әрі – ҚР ӘМ) қызметінің тиімділігін бағалау өткізілді.
Бағалауды өткізуге арналған негізгі ақпарат көздері:
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 400 бұйрығымен бекітілген ҚР ӘМ-нің 2014-2018 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
    (бұдан әрі – стратегиялық жоспар);
  • стратегиялық жоспардың іске асырылуы жөніндегі оперативтік есеп-қисап;
  • ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті, халықаралық ұйымдар ұсынатын статистикалық деректер;
  • басқа көздер.
Талдамалы есеп келесі өлшемшарттар бойынша құрылды:
1. стратегиялық жоспарды талдаудың сапасы мен толықтығы;
2. стратегиялық жоспардың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу;
3. тәуекелдерді басқару сапасын талдау.
 
1. «Стратегиялық жоспарды талдаудың сапасы мен толықтығы» өлшемшарты бойынша
Бағалау ҚР ӘМ-нің Әдістеменің № 2 Қосымшасында берілген ҚР орталық мемлекеттік органдарының қызметі салаларының тізбесіне сәйкес негізгі салалары/бағыттары бөлінісінде жүзеге асады.
Өлшемшарттарды есептеу келесі коэффициенттер негізінде жүзеге асады:
1) реттелетін саладағы/бағыттағы шешімін табу үшін стратегиялық жоспар бағытталған басты проблемаларды тұрғындар/игілік алушының қажеттіліктеріне жүргізілген тиісті талдауға сәйкес анықтау (B1);
2) ағымдағы ахуалды талдауда берілген деректердің өзектілігі (B2).
 
Шешіміне стратегиялық жоспар бағытталған басты проблемаларды анықтау
Кесте 1
Мәні
Сала/бағыт атауы
Коэфф.
Ескертпе
1
Сала
Мемлекеттік қызметтің құқықтық қамсыздандырылуы
0,69
Проблемалар толығымен ашылмаған
1.1
Бағыт
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін және Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз етуге, жалпы мемлекеттің даму стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға, заң жобалау жұмысын жүргізуге, заңнаманы талдауға, жетілдіруге және жүйелеуге, нормативтік-құқықтық актілер жобаларының заңдық сараптамасын жүргізуге қатысу арқылы қазақстандық қоғамды және мемлекетті тұрақты және үдемелі дамытуға бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу
1
Проблемалар стратегиялық жоспарда ашылған
1.2
Бағыт
Республиканың әлемдік қоғамдастықта ұлттық мүдделерін қорғау мен беделін нығайту мақсатында Қазақстанның халықаралық аренадағы қызметін, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау мен жасау арқылы құқықтық қамтамасыз ету
0
Проблемалар стратегиялық жоспарда көзделмеген
 
1.3
Бағыт
Заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен мәмілелерді, жылжымалы мүліктің жекелеген түрлерінің кепілдіктерін, орталық мемлекеттік органдардың жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік есепке алуды және оларды бақылауды жүзеге асыру
0,5
Проблемалар стратегиялық жоспарда ішінара ашылған.
 
1.4
Бағыт
Құқықтық көмек көрсету мен заң қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру, және құқықтық насихатты қамтамасыз ету
1
Проблемалар стратегиялық жоспарда ашылған
 
1.5
Бағыт
Сот-сараптама қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру
1
Проблемалар стратегиялық жоспарда ашылған
 
1.6
Бағыт
Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру
1
Проблемалар стратегиялық жоспарда ашылған
 
1.7
Бағыт
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша заңнамаға сәйкес іс жүргізуді жүзеге асыру
0
Проблемалар стратегиялық жоспарда көзделмеген 
1.8
Бағыт
Мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу
1
Проблемалар стратегиялық жоспарда ашылған
 
В1=(1+0+0,5+1+1+1+0+1)/8=0,69
 
«Мемлекет қызметінің құқықтық қамсыздандырылуы» саласы
Бұл сала ауқымды болып келеді және жоғарыдағы кестеде көрсетілген 8 бағытты қамтиды.
«Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін және Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз етуге, жалпы мемлекеттің даму стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға, заң жобалау жұмысын жүргізуге, заңнаманы талдауға, жетілдіруге және жүйелеуге, нормативтік-құқықтық актілер жобаларының заңдық сараптамасын жүргізуге қатысу арқылы қазақстандық қоғамды және мемлекетті тұрақты және үдемелі дамытуға бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу», «Құқықтық көмек көрсету мен заң қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру, және құқықтық насихатты қамтамасыз ету», «Сот-сараптама қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру», «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру» және «Мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу» бағыттары бойынша проблемалар толық ашылған. Осымен, q1/4/5/6/8=1.
Бұл ретте, «Заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен мәмілелерді, жылжымалы мүліктің жекелеген түрлерінің кепілдіктерін, орталық мемлекеттік органдардың жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік есепке алуды және оларды бақылауды жүзеге асыру» бағыты бойынша ағымдағы ахуалды талдауда проблемалар ішінара ашылған.
Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеумен байланысты түйткілді мәселелер жоқ. Сәйкесінше, q3=0,5.
Бұдан басқа, «Республиканың әлемдік қоғамдастықта ұлттық мүдделерін қорғау мен беделін нығайту мақсатында Қазақстанның халықаралық аренадағы қызметін, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау мен жасау арқылы құқықтық қамтамасыз ету» және «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша заңнамаға сәйкес іс жүргізуді жүзеге асыру»  бағыты Стратегиялық жоспарда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 50 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру және мониторинг жүргізу жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – СМБ әзірлеу жөніндегі әдістеме) талаптарына сәйкес емес.
Осымен, ағымдағы ахуалды талдауда Қазақстанның халықаралық аренадағы қызметін құқықтық қамтамасыз етумен, халықаралық шарттар дайындау және жасасумен және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жүргізуді жүзеге асырумен байланысты проблемалар ашылмаған.
Соның нәтижесінде, жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша проблемаларды жан-жақты талдаудың болмауы мемлекеттік органның өзіне де, кез келген мүдделі тұлғаларға да аталған бағыттарда қалыптасып жатқан саясаттың тиімділігін жедел бағалауға және оның одан әрі дамуын айқындауға мүмкіндік бермейді. Сәйкесінше, q2/7=0.
 
Осылайша, В1 басты проблемаларды анықтау коэффициенті 0,69-ды құрайды.
 
Ағымдағы ахуалды талдауда ұсынылған деректердің өзектілігі
Кесте 2
Мәні
Сала/бағыт атауы
Коэфф.
Ескерту
1
Сала
Мемлекет қызметін құқықтық қамсыздандыру
0,88
Соңғы 3 жылдың деректері ұсынылған
1.1
Бағыт
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін және Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз етуге, жалпы мемлекеттің даму стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға, заң жобалау жұмысын жүргізуге, заңнаманы талдауға, жетілдіруге және жүйелеуге, нормативтік-құқықтық актілер жобаларының заңдық сараптамасын жүргізуге қатысу арқылы қазақстандық қоғамды және мемлекетті тұрақты және үдемелі дамытуға бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу
1
Ағымдағы ахуалды талдауда соңғы үш жылдың деректері ұсынылған
1.2
Бағыт
Республиканың әлемдік қоғамдастықта ұлттық мүдделерін қорғау мен беделін нығайту мақсатында Қазақстанның халықаралық аренадағы қызметін, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау мен жасау арқылы құқықтық қамтамасыз ету
0,5
Ағымдағы ахуалды талдауда соңғы үш жылдың деректері ішінара ұсынылған
1.3
Бағыт
Заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен мәмілелерді, жылжымалы мүліктің жекелеген түрлерінің кепілдіктерін, орталық мемлекеттік органдардың жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік есепке алуды және оларды бақылауды жүзеге асыру
0,5
Ағымдағы ахуалды талдауда соңғы үш жылдың деректері ішінара ұсынылған
1.4
Бағыт
Құқықтық көмек көрсету және заң қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру мен құқықтық насихатты қамтамасыз ету
1
Ағымдағы ахуалды талдауда соңғы үш жылдың деректері ұсынылған
1.5
Бағыт
Сот-сараптама қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру
1
Ағымдағы ахуалды талдауда соңғы үш жылдың деректері ұсынылған
1.6
Бағыт
Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру
1
Ағымдағы ахуалды талдауда соңғы үш жылдың деректері ұсынылған
1.7
Бағыт
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша заңнамаға сәйкес іс жүргізуді жүзеге асыру
1
Ағымдағы ахуалды талдауда соңғы үш жылдың деректері ұсынылған
1.8
Бағыт
Мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу
1
Ағымдағы ахуалды талдауда соңғы үш жылдың деректері ұсынылған
В2=(1+0,5+0,5+1+1+1+1+1)/8=0,88
 
«Мемлекет қызметін құқықтық қамсыздандыру» саласы
Ағымдағы ахуалды талдауда «Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін және Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз етуге, жалпы мемлекеттің даму стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға, заң жобалау жұмысын жүргізуге, заңнаманы талдауға, жетілдіруге және жүйелеуге, нормативтік-құқықтық актілер жобаларының заңдық сараптамасын жүргізуге қатысу арқылы қазақстандық қоғамды және мемлекетті тұрақты және үдемелі дамытуға бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу», «Құқықтық көмек көрсету және заң қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру мен құқықтық насихатты қамтамасыз ету», «Сот-сараптама қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру», «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру», «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша заңнамаға сәйкес іс жүргізуді жүзеге асыру» және «Мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу» бағыттары бойынша соңғы үш жылдың деректері келтіріледі. СМБ әзірлеу жөніндегі әдістеме талаптарына сәйкес бұл бағыттар бойынша деректердің өзектілік параметрі q1/4/5/6/7/8=1 құрайды.
Сонымен бірге, ағымдағы ахуалды талдауда «Республиканың әлемдік қоғамдастықта ұлттық мүдделерін қорғау мен беделін нығайту мақсатында Қазақстанның халықаралық аренадағы қызметін, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау мен жасау арқылы құқықтық қамтамасыз ету» және «Заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен мәмілелерді, жылжымалы мүліктің жекелеген түрлерінің кепілдіктерін, орталық мемлекеттік органдардың жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік есепке алуды және оларды бақылауды жүзеге асыру» бағыттары бойынша үш жылдың деректері ішінара ұсынылған. Осыған байланысты, бұл бағыттар бойынша деректердің өзектілік параметрі q2/3=0,5.
Осылайша, В2 деректердің өзектілік коэффициенті 0,88-ді құрайды.
 
Жоғарыда айтылғанның негізінде, «Стратегиялық жоспарды талдаудың сапасы мен толықтығы» өлшемшартының қорытынды коэффициенті:
 
B = (B1+B2)/2 = (0,69+0,88)/2 = 0,79
Осы өлшемшарт бойынша егжей-тегжейлі есеп №1 Қосымшада қоса беріледі.
 
2. «Стратегиялық жоспардың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу» өлшемшарты бойынша
Стратегиялық жоспардың мақсаттары мен міндеттеріе қол жеткізу тиісті мақсатқа қол жеткізу үшін жоспарланған нысаналы индикаторларға (бұдан әрі - НИ) қол жеткізу коэффициентінен және тиісті мақсатты іске асыру үшін жоспарланған міндеттерді іске асыру коэффициентінен құрылатын мақсаттарға қол жеткізу коэффициентін есептеу арқылы айқындалған.
Бағалау нәтижесі бойынша стратегиялық жоспарда 2015 жылы қол жеткізуі көзделген 17 НИ мен 37 тікелей нәтижелер көрсеткішінен (бұдан әрі – ТНК) толығымен 13 НИ-ге және 36 ТНК-ге қол жеткізілгені айқындалды.
«Ұлттық құқықтық жүйені жаңғырту және бюрократтық рәсімдерді оңайлату» мақсаты «ДЭФ ЖБИ рейтингінде «Меншікке құқық» индикаторы бойынша позицияны жақсарту» 1 НИ қол жеткізбеуге байланысты орындалмаған, жоспарланған мәні – 66 орын, нақты орындалуы – 67 орын.
2015 жылдың қорытындысы бойынша «Сот актілерін орындау сапасын арттыру» мақсаты «Аяқталған атқарушылық өндірістердің жалпы санында толық көлемде орындалған атқарушылық құжаттардың үлесі» 1 НИ қол жеткізбеуге байланысты орындалмаған, жоспарланған мәні – 80, нақты орындалуы – 59,7.
Бағалау қорытындысы бойынша «Әділет органдары көрсететін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру» мақсаты Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингіндегі «Меншікті тіркеу» индикаторы бойынша позицияны жақсарту НИ қол жеткізбеуге байланысты орындалмаған, жоспарланған мәні – 13 орын, нақты орындалуы – 19 орын.
«Халықтың құқықтық мәдениетін арттыру» мақсаты ДЭФ ЖБИ рейтингіндегі «Мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдердің айқындылығы» индикаторы бойынша позицияны жақсарту НИ қол жеткізбеуге байланысты орындалмаған, жоспарланған мәні – 27 орын,нақты орындалуы – 30 место.
Сонымен қатар, 2015 жылы «Атқарушылық іс жүргізу органдарының тиімді жүйесін құру» міндетінің «Әр сот орындаушысы толық көлемде орындаған атқарушылық құжаттардың саны» ТНК қол жеткізілмеген, жоспарланған мәні – 475, нақты орындалуы – 421.
Осылайша, «Стратегиялық жоспардың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу» 0,85 –ті құрайды.
Осы өлшемшарт бойынша егжей-тегжейлі есеп № 2 Қосымшада қоса беріледі.
 
3. «Тәуекелді басқару сапасын талдау» өлшемшарты бойынша
«Тәуекелдерді басқару сапасын талдау» өлшемшартының коэффициенті тәуекелдерді төмендету және тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралардың мемлекеттік орган нәтижелілігіне әсеріне бағытталған мемлекеттік органдардың тиісті іс-шараларын әзірлеу туралы стратегиялық жоспардың «Тәуекелдерді басқару» 6-бөлімін талдау арқылы анықталады.
«Тәуекелдерді басқару сапасын талдау» өлшемшартының коэффициентін анықтау барысында, әсер ету деңгейі мен стратегиялық жоспардың «Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» 3-бөліміндегі стратегиялық мақсаттарға қол жеткізудің тәуекелдеріне сәйкестігі есептеледі.
Бағалау шеңберінде стратегиялық жоспарды іске асырудың барысына ықпал етуі және жоспарланған мақсаттарға қол жеткізуді болдырмауы мүмкін осы бөлімде көзделген ықтимал тәукелдердің талдауы жүргізілді.
Бұдан басқа, көзделген іс-шаралардың ықтимал тәуекелдермен арақатынасы арқылы тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар талданды.
Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының мақсаттарын іске асыруға және қол жеткізуге жоғары ықтималдықпен кері әсер етуі мүмкін жағдайлар тәуекелдерге жататынын атап өту қажет.
Әзірлеуші мемлекеттік орган елеулі мақсаттарға қол жеткізу үшін қандай да бір себеппен орындаушылар әсер ете алмайтын факторларды (тәуекелдер мен жорамалдар) ескереді.
Жүргізілген талдау 2015 жылға арналған стратегиялық жоспарда 7 тәуекелдің айқындалғанынғ оның ішінде 4-і жалпы сипатта екенін көрсетті.
Бұл ретте, «Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі және Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингтеріндегі Қазақстан позициясының төмендеуі» тәуекелдері бойынша көзделген іс-шаралар формальды болып табылады, өйткені олар осы тәуекелге тікелей әсер етпейді және толығымен азайтуға/болдырмауға бағытталмаған.
«Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының өздерінің нормативтік құқықтық актілерін қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес келтіру бойынша шараларды уақытылы қабылдамауы», «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасау, орындау, өзгерту және қысқарту мәселелері бойынша ҚР мемлекеттік органдары әзірлеген НҚА жобалары сапасының төмендеуі» және «Штаттық емес жағдайлар туындаған немесе серверлік жабдықтар істен шыққан кездегі техникалық кедергілер» сияқты тәуекелдер ҚР Әділетмині стратегиялық жоспарының мақсатына қол жеткізуге әсер етпейді, себебі ағымдағы және техникалық проблемаларға жатады.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде «Тәуекелдерді басқару сапасын талдау» коэффициенті 0,88-ді құрайды.
Осы өлшемшарт бойынша егжей-тегжейлі есеп № 3 Қосымшада қоса берілген.
 
4. Балдарды шегеру туралы ақпарат
Әдістеменің 43 тармақ бойынша, егер НИ немесе ТНК бойынша нақты көрсеткіштің жоспарлы мәнге қарағанда 30%-дан асыра орындалуы байқалған жағдайда, онда жоспарлы мәндердің әрбір тіркелген асыра орындалу фактісі үшін 0,2 айыппұл балын шегеру жүргізіледі.
Бағалауды жүргізу барысында жоспарланған көрсеткіштерді 30-дан астам – 11 ТНК және 1 НИ бойынша асыра орындаудың 12 фактісі анықталды.
Нәтижесінде, айыппұл балдарының шегерімі 2,4 балды құрады.
 
Жоғарыда келтірілген талдаудың негізінде ҚР Әділет Министрлігі жетекші ететін саладағы стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу мен іске асыру бойынша қызметінің тиімділігін бағалау былай есептеледі:
 
A = (0,15×0,79+0,15×0,88+0,7×0,85)×100% - 2,4 = 82,15
 
ҚР Әділет министрлігі қызметінің тиімділігін бағалау бойынша тұжырымдар
2015 жылдың қорытындысы бойынша ҚР Әділет министрлігінің стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу мен іске асыру бойынша қызметінің тиімділігін бағалау 82,15 балды құрады.
Бұл нәтижеге стратегиялық жоспарды талдаудың сапасы мен толықтығының орташа деңгейі (79%), стратегиялық жоспардың мақсаттары мен міндеттеріне ішінара қол жеткізу (85%), тәуекелдерді басқару мәселелерін пысықтаудың орташа дәрежесі (88%), сондай 2,4 балының болуы негіз болды.
Осылайша, алынған баға өткен кезеңмен салыстырғанда 21,2 балға жоғары (2014 жылы – 60,50 бал).
Бағалау нәтижесін жақсартуға, негізінен, Стратегиялық жоспардың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудің орташа деңгейі әсер етеді.
ҚР Әділет министрлігі есептік жылда жетекші ететін салаларды жағдайды жақсарту жөнінде жеткілікті жұмыс жүргізгенін атап өткен жөн.
 
Сонымен қатар, стратегиялық жоспарда ҚР Әділетмині қалыптастырған кейбір бағыттар («Мемлекет қызметін құқықтық қамсыздандыру» аясының «Республиканың әлемдік қоғамдастықта ұлттық мүдделерін қорғау мен беделін нығайту мақсатында Қазақстанның халықаралық аренадағы қызметін, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау мен жасау арқылы құқықтық қамтамасыз ету» және «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша заңнамаға сәйкес іс жүргізуді жүзеге асыру» ) бойынша талдау жоқ.
Ағымдағы жағдайды талдауда соңғы үш жылдың деректері мынадай қадағаланатын бағыттар бойынша ішінара ұсынылған:
  • Республиканың әлемдік қоғамдастықта ұлттық мүдделерін қорғау мен беделін нығайту мақсатында Қазақстанның халықаралық аренадағы қызметін, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау мен жасау арқылы құқықтық қамтамасыз ету;
  • Заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықты және онымен мәмілелерді, жылжымалы
мүліктің жекелеген түрлерінің кепілдіктерін, орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік есепке алуды және оларды бақылауды жүзеге асыру.
Мемлекеттік органның қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар
ҚР Әділетмині қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелері бойынша, қадағаланатын салалардың дамуына кедергі болатын негізгі проблемаларды ескере отырып, мынадай ұсынымдар беріледі:
1) Екі жыл бойы халықаралық көрсеткіштерге қол жеткізу байқалмағандықтан, Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі позициясын жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдау;
2) ҚР Әділетминінің барлық құрылымдық бөлімшесінің стратегиялық жоспардың жоспарланған мақсаттары мен міндеттеріне сапалы және уақтылы қол жеткізу бойынша жұмысын күшейту;
2.1) үш жыл бойы төмен деңгейде қалған салалық мақсаттарға ерекше көңіл бөлу(әділет органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру);
3) тәуекелдер мен тәуекелдерді төмендетуге бағытталған іс-шаралар қайта қарау арқылы мемлекеттік органдарда тәуекел –менеджмент тиімділігін қамтамасыз ету;
4) ҚР Әділетмині стратегиялық жоспарын әдіснама талаптарына сәйкес келтіру, атап айтқанда:
- ҚР Әділетмині стратегиялық жоспарындағы барлық қадағаланатын саланы тиісті талдау және өзекті деректер қамтамасыз ету;
- Стратегиялық жоспардың табысты іске асырылу ықтималдығын арттыру мақсатында тәуекелдерді басқару тиімділігін қамтамасыз ету;
- Ағымдағы жағдайды және үрдістердің дамуын тұрақты негізде бақылау, оның ішінде негізгі басымдықтар мен кемшіліктерді, қолайлы мүмкіндіктер мен ықтимал қатерлерді(SWOT - талдау) талдау.
 
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі                                                             М. Құсайынов
 
Мемлекеттік басқару жүйесін
дамыту департаменті директорының міндетін атқарушы Д. Жұбанова