-A A +A

Құрметті Қабибұлла Қабенұлы! Құрметті депутаттар!

Әділет министрі Б.М. Имашевтың
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында
«Қазақстан Республикасының
кейбір заңнамалық актілеріне жеке детективтік қызмет
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Заң жобасы бойынша сөйлейтін сөзі
2015 жылғы 13 мамырда сағат 10-00-де өтеді
 
 
Құрметті Қабибұлла Қабенұлы!
Құрметті депутаттар!
 
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке детективтік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы «Жеке детективтік қызмет туралы» Заң жобасын іске асыру, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы «Жеке детективтік қызмет туралы» Заң жобасына сәйкес келтіру мақсатында әзірленген.
Заң жобасында Қылмыстық кодекске, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, Салық кодексіне, «Лицензиялау туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» заңдарына:
жеке детективтердің өздерінің өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылықты енгізуді;
лицензиялық алымның мөлшерлемелерін, салықтарды есептеу және төлеу, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін ұсыну тәртібін белгілеуді (428-баптың 4-тармағының 12) тармақшасы және Салық кодексінің 471-бабы кестесінің 1,96, жолы);
жеке детективтік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның болуы туралы талапты бекітуді («Лицензиялау туралы» Заңның 27-бабы);
жеке детективтік қызметті мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.
Заң жобасында күші жойылған Қылмыстық кодекске, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және «Лицензиялау туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар көзделген, өйткені заң жобасы Парламент Мәжілісіне жаңа кодекстер, сондай-ақ «Лизензиялау туралы» заңның күшін жойылды деп таныған «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» жаңа Заң қабылданғанға дейін енгізілді. Бұдан басқа, қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің қарауындағы Кәсіпкерлік кодекс жобасында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңның күші жоюға қойылған.
Осылайша, осы бағыттағы тиісті жұмыс Парламент Мәжілісінің заң жобасын қарау жөніндегі жұмыс топтары шеңберінде жүргізіледі.
Заң жобасын қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы қаражатын талап етпейді.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде заң жобасын қолдауларыңызды сұраймын.
 
Назарларыңызға рақмет!