-A A +A

Құрметті Касым-Жомарт Кемелұлы! Құрметті депутаттар!

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы» «2012 жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру бойынша» (2013 жылғы 23 қаңтарда өтті) Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген.

Заң жобасының мақсаты – зияткерлік меншік объектілерін тіркеу рәсімін одан әрі оңтайландыру, құқықтық олқылықтарды жою, сондай-ақ зияткерлік меншік саласында әкімшілік кедергі келтіретін нормаларды алып тастау болып табылады.

Заң жобасы 6 заңнамалық актілерге («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңдарға, Патент Заңына, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңға), оның ішінде екі Кодекске (Азаматтық және Салық кодекстері) өзгерістер енгізуді көздейді.

Бірінші. Авторлық құқық саласында енгізілетін түзетулер ұжымдық ұйымдардың қызметін нақтылауға, осы ұйымдардың қызметін айқындауды және тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Осылайша, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңда ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымдардың (ұжымдық ұйымдар) туындыларды пайдаланғаны үшін авторлық сыйақыны жинау, бөлу және төлеу бойынша міндеті белгіленген.

Өкінішке орай, практикада осындай ұйымдар жиналған сыйақының көп бөлігін өзінің жеке шығыстарын өтеуге қалдыратын фактілер бар.

Ұжымдық ұйымдар тарапынан асыра пайдалануды жою мақсатында ұйымның сыйақыны жинау, бөлу және төлеу бойынша өзінің нақты шығыстарын өтеуге жиналған сыйақыдан ұсталатын соманың шекті пайызын белгілеу ұсынылады (қолданыстағы заңнама бойынша мұндай шектеу жоқ). Халықаралық практиканы ескере отырып, оны жиналған сыйақы сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшерінде белгілеу ұсынылады.

Бұдан басқа, нақты авторлар мен орындаушыларға бөлінген және аударылған жиналған сыйақы мөлшері ұжымдық ұйымдардың шотында сақталатындығы белгілеу ұсынылады.

Екінші. Ұжымдық ұйымдардың қызметін айқындау үшін заң жобасында ұйымдардың Интернет-ресурстарында және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында ұжымдық ұйымдардың уәкілетті органға (ӘМ) беретін жылдық есептерін міндетті орналастыруға қатысты түзетулер көзделген.

Ұйымдардың пайдаланушыларға беретін рұқсаттарының қатарынан сабақтас құқықтар объектілерін және туындыларды алып тастау рәсімдерін нақтылайтын түзетулер көзделген.

Үшінші. Ұжымдық ұйымдардың аккредитациялау бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін және рәсімдерін оңтайландыру мақсатында комиссияның отырысын өткізу күні туралы ақпаратты жариялау мерзімін 65 күннен күнтізбелік 30 күнге дейін қысқартуға бағытталған нормалар көзделген.

Аккредитациялаудан өтуге үміткер ұжымдық ұйымдарға талаптар нақтыланады. Аккредитациялау туралы куәлікті қайтарып алу негіздері кеңейтіледі.

толықтырылған, атап айтқанда кітапханалардың және мұрағаттардың туынды даналарын жоғалғандарын немесе жарамайтындарын ауыстыру мақсатында сандық нысанға көшіруі арқылы пайдалануы. 

Бесінші. Заң жобасында өнертабысқа және пайдалы модельге арналған патентке ұқсастығы бойынша селекциялық жетістікке арналған патентті күшінде қалдыру үшін төлем жасау мерзімін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін қосымшалар енгізіледі («Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» ҚР Заңында селекциялық жетістіктерге арналған патентті күшінде қалдыру бойынша норма болған жоқ). Ауыл шаруашылығы министрлігінің селекциялық жетістіктердің патентке қабілеттілігіне сараптама жүргізу кезінде құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту жөнінде құзыреті нақтылады. Бұдан бөлек, өтінім берушінің өтініші бойынша қарсылық берудің өткізіп алынған мерзімі қалпына келтірілетіндігі бекітілген. Ұқсас түзету Патент заңында көзделген.

Алтыншы. Өнертабысқа арналған қорғау құжатының түрі ретінде  инновациялық патентті алып тастауды көздейтін Патент заңына түзетулер енгізіледі.

Бұл әлемде белгілі болған өнертабыстарды патенттеуді болдырмауға мүмкіндік береді, өйткені инновациялық патент жергілікті жаңалыққа арналған (ҚР аумағындағы жаңалық) тексеру нәтижелері бойынша беріледі.

Осындай жағдайда пайдалы модель ретінде құрылғыларды ғана емес, тәсілдер мен заттарды тани отырып, пайдалы модель ұғымын кеңейту шешімнің балама нұсқасы болып табылады. Пайдалы модельді патенттеудің ұқсас практикасы  Бельгия, Венгрия, Ирландия және Испания сияқты Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінде қолданылады.

Осы нұсқа Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің тәжірибесін зерделеу жөніндегі шарт шеңберінде талдау жүргізу кезінде «Ұлттық талдау орталығы» акционерлік қоғамының ұсынысын ескере отырып енгізілді.

ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі бойынша Патент заңында жекелеген объектілерді жылдамдатып патенттеу мүмкіндігі қарастыру ұсынылады.

Жетінші. ДСҰ талаптарын (Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімі) ескере, Патент заңына дәрілік құралдар, пестицидтер және агрохимикаттар түріндегі өнертабыстарға патент иеленушінің өтініші бойынша бес жылдан аспайтын мерзімге айрықша құқық мерзімін ұзартуға қатысты түзетулер енгізіледі. Бұл, аталған тауарларды айналымға енгізу үшін уәкілетті мемлекеттік органдардан (ДӘДМ және АШМ) тиісті рұқсат алу қажеттігімен байланысты. 

құзыреттердің аражігін ажырату мақсатында Тауар таңбалары туралы заңда Әділет министрлігінің мемлекеттік монополия субъектісі («ҰЗМИ» РМК) өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту құзыреті бекітіледі. 

Тауар таңбаларын заңды пайдалану жағдайларын нақтылау мақсатында Еуразиялық экономикалық одақ елдері аумағында азаматтық айналымға енгізілген тауарлар тауар таңбасы иесінің рұқсатынсыз тарала алатындығы анықталады.

Тауар таңбаларын тіркеу процедурасын жеңілдету және уақытша жұмсалатын шығындарды қысқарту мақсатында таур таңбасына куәлік беру қысқартылады. Өтініш берушінің тілегі бойынша тауар таңбалары және Тауар шығарылған жерлердің атаулары мемлекеттiк тiзiлiмдерiнен үзінді көшiрмелер берілетін болады

Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын қажет етпейді.

Заң жобасы мүдделі мемлекеттік органдардың, ғылыми ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпкерлердің және патенттік сенім білдірілген өкілдердің қатысуымен әзірленді. 

Заң жобасын 1-оқылымда мақұлдауларыңызды сұраймын.

Назарларыңызға рақмет!