-A A +A

Кәсіпкерлермен өткен кездесу

Осы жылдың 10 желтоқсанында Маңғыстау облысы Әділет департаменті Зияткерлік меншік құқығын қорғау бөлімі қызметкерлері шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге жарияланған мораторий және 2015 жылдың 1 қаңтардан бастап күшіне енетін әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің нормаларын түсіндіру мақсатында «Car City» көлік базарында жеке кәсіпкерлермен көшпелі кездесу өткізді.

Кездесу барысында бөлім қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне енген жаңалық және «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің дамуы үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының жекелеген ережелерін түсіндірді.

Бас қосу соңында кәсіпкерлерге мораторий тәртібі, мораторий қолданылмайтын жағдайлар тізбесі және бақылаушы органдардың заңсыз әрекеттерін хабарлауға арналған сенім телефондары және кодекске енген жаңалық туралы жадынама табыс етілді. 

 

 

Маңғыстау облысы
әділет департаментінің

баспасөз қызметі