-A A +A

Тарихи анықтама

Отандық әділеттің құрылғанына 90 жылға таяу уақыт ішінде қалыптасудың қиын да азапты жолдан өтті, бұл жолда қуғын-сүргін азабын, азаматтық және Ұлы Отан соғысының от-жалынын, күйзеліс жылдарын, халық шаруашылығын қалпына келтіру,тоқырау уақыты мен қайта құрудың зардаптарын бастан өткерді. Қазақ халқының көптеген ұл-қыздары жүрек қалауымен кәсіби заңгер болды және өздерінің өмірлерін әділеттің ақ жолына арнады. Бұл жылдар қажырлы еңбекке толы жылдар болды және әділет органдарының жұмысын ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін талмай іздестірумен өтті.
Кеңестік дәуір аумағындағы әділет органдарының қалыптасуы сонау 1917 жылдың күреске толы қазан айынан бастау алды, осы кезде РСФСР Әділет халық комиссариаты құрылып, оған сот, прокуратура, тергеу және нотариалдық органдарды, ал 1930 жылдан 1934 жылға дейін РСФСР Ішкі істер халық комиссариатының жойылуына байланысты еңбекпен-түзеу мекемелерін басқару жүктелді.
1920 ж. 26 тамызында Қырғыз Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды. Қ(А)КСР істерін басқару үшін халық комиссариаттары құрылды, олардың ішінде екінші орында Әділет халық комиссариаты тұрды. Жылдар сырғып өтіп жатты, реформалар бірін-бірі алмастырып жатты, аз-аздап тәжірибе жинақталды, сонымен қатар әділет органдарының кадрлары шыңдалып келе жатты. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі Әділет министрлігінің жаңа парақтарын ашты. Тарихи өзгерістер егеменді республиканың маңызды заң актілерінің тууына себеп болды.
10 шілде 1919 ж. – Қырғыз Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы Декрет қабылданды. 12 халық комиссарларының арасында Әділет халық комиссариаты бекітілді.
30 қыркүйек 1919 ж. – Қырревкомның отырысында ішкі істер бөлімінің меңгерушісі А.Б.Байтұрсыновтың әділет бөлімін құру қажеттігі туралы баяндамасы тыңдалды және сонда Қырревкомның Әскери-революциялық комитеттің жанынан әділет бөлімін құру туралы қаулысы қабылданды.
1 қазан 1919 ж. - әділет бөлімі құрылды. Бөлімді Б.Қаралдин (Қырревкомның хатшысы), Качковский (Қырревком жанындағы революциялық-тергеу комиссиясының төрағасы), Задорожный (ішкі істер алқасының мүшесі).
9 желтоқсан 1919 ж. - Әскери ревкомның отырысында әділет бөлімінің алқасын құру туралы шешім қабылданды.
10 желтоқсан 1919 ж. – Қырревком әділет бөлімі алқасының отырысында Қырғыз өлкесінің әділет ведомствосы бойынша Орталық басқармасын ұйымдастыру, Қырғыз өлкесі аумағында сот бөлімін құру туралы мәселелер қаралды. Қырревком жанындағы әділет бөлімі Әділет комиссариаты болып қайта құрылды. Әділет комиссариаты заң шығарушы, нұсқаушы, ақпараттандырушы және Қырғыз өлкесі аумағында орналасқан әділет бөлімдерінің барлық органдардарын біріктіретін орган болды. Әділет комиссариаты өзінің барлық нұсқауларын, қаулыларын, бұйрықтарын, нұсқаулықтарын, ережелерін және басшылықтарын Әскери ревкомның бекітуіне беріп отырды және өлкелік тергеу комиссиясымен, Ішкі істер комиссиясымен және Бүкілресейлік әділет комиссариатымен тығыз байланыста жұмыс істеді.
11 наурыз 1920 ж.- Әскери-революциялық комитет өлкелік және жергілікті тергеу комиссияларын қайта құрды. Уақытша комиссияны келесі құрамда құрды: алқа төрағасы Б.В.Каратаев, мүшелері Таначев пен Токарев.
13 шілде 1920 ж.- Қырревкомның Қырғыз Республикасындағы Кеңес өкіметінің басқару құрылымының негізгі бағыттары туралы қаулысы жарияланды. Қаулының 5-бабына сәйкес Орталық әділет бөлімі өлкелік орган деп саналды, оған республиканың барлық аумағындағы сот бөлімін басқару мен меңгеру жүктелді.
24 қыркүйек 1920 ж.- бірінші әділет комиссары Ғұбайдолла Әлібеков бірінші бұйрыққа қол қойды.
4-12 қазан 1920 ж.- Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның құрылтай Кеңесі сиязында Әділет халық комиссариатының міндеттері белгіленді.
20 қазан 1920 ж.- Халком кеңесі өз қаулысымен Әділет халкомын Әділет халкомы туралы Ереженің жобасын жасауға және халық соттарын ұйымдастыруға дереу кірісуді міндеттеді.
25 желтоқсан 1920 ж.- қырғыздардың (қазақтардың) қалыңмал беруді жою туралы Декретке қол қойылды.
27 желтоқсан 1920 ж.- қырғыздардағы (қазақтардағы) құнды жою туралы Декрет жарияланған күннен бастап күшіне енді.
12 қаңтар 1921 ж.- Әділет комиссары Ғ.Әлібеков Әділет халық комиссариатының № 66 Адай оязы халық сотының 1-учаскесін құру туралы қаулыға қол қойды.
17 ақпан 1921 ж.- Қырортатқкомның төрағасы, әділет халкомы, Қырортатқкомның хатшысы Ғ.Әлібеков Қырортатқкомның Президиумы мен Халкомкеңесі мақұлдаған қырғыздардағы (қазақтардағы) құнды жою туралы Декретті қабылдау бойынша ҚАКСР Әділет халкомының нұсқауына қол қойды.
1921 ж. Орынборда - әділхалкомы Ғ.Әлібеков қырғыз, қазақтардағы неке құқығы туралы Декретке қол қойды.
Наурыз 1921 ж.- Халкомкеңесі Әділхалкомы туралы Ережені бекітті, оның құрылымы 5 бөлімнен тұрды: сот (жергілікті әділет органдары мен сот мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру), консультациялық-кодификациялық-баспа, орталық-жазалау (қамау орындарын басқарды), қаржы-шаруашылық, жою (шіркеуді мемлекеттен бөлу туралы Декретті жүзеге асырды).
10 қараша 1921 ж.- Қазатком мал ұрлаушылықпен күрес туралы Декретті бекітті.
13 қараша 1921 ж.- әділхалкомы Шафқат Бекмұхамедов губерниялар мен трибуналдардың халық соттарына нұсқаулық хатқа қол қойды.
1922 жылдың ортасы – құқық қорғау жүйесін түбірлі қайта құру басталды. Реформалау жаңа экономикалық саясатқа көшуге объективті қажеттілігінен туындады. Бүкілодақтық төтенше комитеттің таратылуымен құрылған Мемлекеттік саяси басқарма (МСБ) Ішкі істер комиссариатының құрамына енгізілді. Сот құрылысы туралы қаулы мен ережеге сәйкес үшқұрамды жүйе құру жобаланды: халық соты, губерниялық сот және Жоғарғы сот. Бүкілодақтық ортатқкомның прокуратура, адвокатура және арбитраждық комиссия құру туралы қаулысы қабылданды. Бірінші кеңестік кодекстер шықты: Қылмыстық-процессуалдық кодекс (25 мамыр), Қылмыстық кодекс (26 мамыр), Азаматтық кодекс (31 қазан). КСРО Конституциясының жобасымен осы мақсатқа құрылған комиссия жұмысын бастады.
13 шілде 1922 ж.- Қазаткомның ІІІ-сессиясында прокурорлық қадағалау туралы және адвокатура туралы Ережелер қабылданды. РСФСР Қылмыстық кодексінің қалыңмалды, мал ұрлаушылықты тыю, адамжегіштікті аяусыз жазалау туралы ІХ-бөліміне толықтырулар енгізілді.
22 желтоқсан 1922 ж.- қылмыстың жолын кесу қажеттілігі туралы нұсқаулық хатқа қол қойылды.
9 қаңтар 1923 ж.- Әділхалкомның алқа жиналысында РСФСР Жоғарғы соты Қазақ бөлімшесін құру туралы Ереженің жобасы талқыланды.
12 қаңтар 1923 ж.- республика аумағында Сот құрылымы туралы Ережені енгізу үшін Әділет комиссариаты губерниялық соттарды ұйымдастыру туралы № 11 нұсқаухатты губернияларға таратты.
20 қаңтар 1923 ж.- Еңбек және қорғаныс Кеңесінің жабық жиналысында Қазақстандағы парақорлықпен күрестің қорытындысы тыңдалды.
9 желтоқсан 1919 ж.- Әскери ревкомның отырысында әділет бөлімінің алқасын құру туралы шешім қабылданды.
13 ақпан 1920 ж.- Қазобком Президиумының отырысында республика әділет халкомы және республика прокуроры М.Атанизовтың «Сот құрамын бекіту туралы» баяндамасы тыңдалды.
23 наурыз 1923 ж.- Қазатком Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның Әділет халық комиссариаты туралы жаңа Ережені бекітті.Әділхалком келесі бөлімдерден тұрды: сот құрылымы және бақылау; әкімшілік-қаржы; заң шығару жоспары және кодификациялық-баспа; прокуратура.
23 наурыз 1923 ж.- сот жұмысына міндетті түрде әйелдерді тарту туралы Әділхалкомының нұсқаулық хатына қол қойылды.
15 мамыр 1923 ж.- Орынборда бірінші өлкелік алтыайлық заң курстары ашылды. Бірінші бітірушілері 38 адам болды.
20 қараша 1923 ж.- ҚАКСР-ның Әділхалком алқасы ҚАКСР-ның Әділхалком жанындағы өлкелік заң курстары туралы Ережені бекітті.
28 желтоқсан 1923 ж.- Қырғыз (Қазақ) орталық атқару комитетінің Үлкен Президиумының отырысында Қырортаткомы жанындағы Бас тәртіптік сот туралы қаулысы бекітілді.
11-18 қаңтар 1924 ж.- Орынборда прокурорлардың бірінші республикалық кеңесі болды.
26 маусым 1924 ж.- Қырғыз (Қазақ) орталық атқару комитеті барымтаны жою үшін Семей, Ақмола және Торғай губернияларына комиссиялар жіберу туралы қаулы қабылдады. Комиссияның төрағасы болып әділет комиссары Ш.Бекмұхамедов тағайындалды.
15-19 сәуір 1925 ж.- V-жалпықазақ сиязы болды, онда әділхалкомы Қ.Боранбаев Қырғыз (Қазақ) Автономиялық КСР Үкіметіне есеп берді.
25 қараша 1925 ж.- Қызылордада кеңестік әділет қызметкерлерінің жалпықазақтық ІІ-сиязы ашылды.
25 ақпан 1927 ж.- Қырғыз АКСР Орталық атқару комитеті мемлекеттік қылмыс туралы жаңа Ережені қабылдады.
17 қазан 1928 ж.- Бүкілодақтық ОАК мен ХКК «Тәркілеу және жер аудару кезінде қарсылық көрсеткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы» актіні қабылдады.
Қазан 1929 ж.- Бүкілодақтық ОАК мен ХКК « Селолық және ауылдық белсенділерге қарсы террорлық акті ұйымдастырушыларға шаралар қабылдау туралы» актіні қабылдады.
Ақпан 1930 ж.- Қазақ ОАК мен ХКК «Село шаруашылығындағы социалистік өзгерістер және кулактарға қарсы күрес туралы» Жарлықты қабылдады.
26 тамыз 1937 ж.- Қазақ КСР Халкомкеңесі «Алыпсатарлыққа қарсы күрес туралы» қаулы қабылдады.
Сәуір 1938 ж.- Алматы кеңес құрылысы институты жанындағы заң факультеті Заң институты болып қайта құрылды.
16 тамыз 1938 ж.- «Сот құрылысы туралы» Заң қабылданды.
25 қазан 1939 ж.- Халкомкеңесі Әділет халкомы туралы жаңа Ереже қабылдады.Комиссариат құрамында сот мекемелері, кадр, оқу орындары басқармалары; кодификациялық, мобилизациялық, нотариалдық, ұйымдастырушылық, құпия-шифрлау, жоспарлық-қаржы бөлімдері; адвокатура бөлімі, бақылау-инспектрлық топтар,хатшылық, мұрағат, заң баспасы жұмыс істеді. Әділет халкомы жанында алқа құрылды. Оның құрамын әділет комиссары ұсынған кандидатуралардан Халкомкеңесі бекітеді. 1946 ж.- Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығына және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің ІХ-сессиясы қабылдаған Заңға сәйкес Халық Комиссарлары Кеңесі Қазақ КСР Министрлер Кеңесіне өзгертілді. Осы кезден бастап Әділет халық комиссариаты Қазақ КСР Әділет министрлігі болып аталды.