-A A +A

Алматы қаласы Әділет департаментінде «Ашық есік күні» өткізілді

13.11.2014 жылы Алматы қаласы Әділет департаментінде азаматтардың конституциялық, азаматтық және басқа да адам құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында департаментттің барлық бөлімдері мамандарының қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді.

«Ашық есік күнін» өткізу барысында тұрғындар тарапынан Алматы қаласы Әділет департаментінің маңызды салалары бойынша, жекелей алғанда, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, заңды тұлғаларды және нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, соның ішінде азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 

Алматы қаласы Әділет департаментінің баспасөз қызметі