-A A +A

Қостанайдың Балалар үйіндегі «Отбасы күні»

2014 жылғы 10 қыркүйегінде  Қостанай облыстық Әділет департаментінің басшысы Е.К.Әбдірахманов «Отбасы күні» мерекесіне орай, Қостанай облыстық балалар үйіне барып шықты. Балалар үшiн, сыйлықтарға баратын қаражат жиналған. Балалар үйiнiң тәрбиеленушiлерi өз кезегiнде қонақтарға  ризашылықтарын білдірді. Балалардың бақыттарына шек болмады.

Бұндай кездесулер біріншіден, үлкендердің ықыласы жетіспейтін балалар үшін өте маңызды. Өйткені балалар – Қазақстанның болашағы, олар өз Отанының патриоты мен нағыз азаматы болып өсуі тиіс.

 

Қостанай облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі