-A A +A

Құқықтық ақпарат қызметі

2010 жылдың 5-ші қаңтарында Әділет министрлігі халыққа тегін және білікті заң қызметтерін көрсету мақсатында, Құқықтық ақпарат қызметін құрды.
Кеңестер барлық құқықтық сауалдар бойынша беріледі. Сонымен қатар мемлекеттік органдар қызметтері, лицензиялау саласы, құжаттандыру, заңды тұлғалармен жылжымайтын мүлікті тіркеу және заңнамалар талаптарына байланысты егжей-тегжейлі түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
Клиенттің сұрағына нақты жауап қажет болған жағдайда, Құқықтық ақпарат қызметінің қызметкері мүдделі органның құзырына байланысты сауалдаруға жауапты тұлғалармен қосады.
Құқықтық ақпарат қызметінің міндеті - азаматтардың туындаған мәселесін құқықтық ақпар арқылы бір қоңыраумен шешімін табу.
58-00-58 номері арқылы қазақстанның барлық аумағынан тегін қоңыраулар қабылдайды.
Жұмыс кестесі дүйсенбімен жұма аралығында, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

 

Біздің мақсатымыз –бір қоңырау шалу арқылы әр азаматқа сапалы құқықтық көмек көрсету!
 
 
 
Қызметтің негізгі міндеттері:

• барлық құқықтық мәселелер, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер бойынша халыққа кеңес беру;

• құқықтық түсіндіру жұмысы;

• заңнама саласында дұрыс және жедел ақпарат беру;

• білікті заң көмегін көрсету;

• лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағым түсіру тәртібін түсіндіру;

• Қызмет іс-әрекеттерінің құқықтық негізі – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы;

• Қызмет Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ нотариустармен өзара әрекеттеседі;

• кеңестер мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі.