-A A +A

Зияткерлік меншік саласындағы Заң жобасы бойынша қоғамдық тындау өткізілді

2017 жылдың 19 мамырында Жамбыл облысы Әділет департаментімен «Атамекен» Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының ғимаратында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша қоғамдық тындау (пресс-конференция) өткізілді.
Қоғамдық тындауға Жамбыл облысы сотының судьялары, «Атамекен» Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының өкілдері, кәсіпкерлік субъектілері, ғылыми-техникалық, ғылыми мекемелер және БАҚ өкілдері қатысты.
Аталған заң жобасы Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» көрсеткіштерін жақсартуға, зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру, ғылыми-техникалық прогресті және еркін бәсекені дамыту, тіркеу рәсімін жеңілдету, құқықтық олқылықтарды жою, зияткерлік меншік саласындағы әкімшілік кедергілер тудыратын нормаларды алып тастауға бағытталған.
 
Жамбыл облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі