-A A +A

Зияткерлік меншік саласы бойынша халық арасындағы әлеуметтік сауалнама өткізілді

2017 жылдың 14 сәуірінде Жамбыл облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығын қорғау бөлімімен халық арасында зияткерлік меншік саласы бойынша заңнамаларды білу деңгейін, ой-пікірлерін анықтау мақсатында 50 адам қамтитын әлеуметтік сауалнама жүргізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын анықтау және оларды арттыру мен құқықтық кеңес беру.
Кездесу барысында азаматтардың қойылған барлық сұрақтарына толық жауап қайтарылып, кеңес берілді және «Дүниежүзілік экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі» тақырыбында жадынамалар таратылды.
 
Жамбыл облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі