-A A +A

Зияткерлік меншік құқығы және шекаралық бақылауға қатысты семинар өткізілді

Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп 2017 ж. 22-23 қарашада, сондай-ақ TAIEX Еуропалық комиссияның қаржылық және ақпараттық қолдауымен зияткерлік меншік құқығы және шекаралық бақылауға қатысты семинар өткізді.
 
Семинардың жұмысына Жоғарғы Сот, әділет, ұлттық экономика, қаржы (кеден органдары) министрліктерінің өкілдері, аумақтық әділет органдары, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК қатысты.
Спикерлер ретінде Даниядан, Венгриядан, Испаниядан Польшадан келген сарапшылар болды.
Семинар барысында зияткерлік меншік объектілерін тіркеу және қорғау, контрафактілік өнімдерді анықтау әдістері, авторлық және сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды ұжымдық басқару, параллельді импорт, шекаралық бақылау әдістері, соның ішінде өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, интегралдық микросхема топологиясына, өсімдік сорттарына және т.б. құқықтарды бұзу мәселелері талқыланды.
Талқылау барысында ескертулер айтылды, құқық қорғау тәжірибесінде туындайтын зияткерлік меншік құқықтарын қорғауға қатысты сұрақтар қойылды.
Анықтама үшін: TAIEX Еуропалық Комиссияның техникалық көмек және ақпараттық құралы болып табылады.
TAIEX ЕО заңнамасының жақындасуына, қолданылуына және сақталуын қамтамасыз етуге қатысты мемлекеттік әкімшіліктерді қолдайды және ЕО үздік тәжірибелерімен алмасуға көмектеседі.
Ол көбінесе қажеттіліктерге бейім және қысқа уақыт ішінде мәселелерді шешу үшін тиісті жеке білім береді.