-A A +A

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеуден жүргізу туралы ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 Қаулысына (әрі қарай – Ереже) сәйкес, кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң қызметi шеңберiнде жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларына сараптама жүргiзу
құқығын тану үшін жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргізілетіні туралы хабарлайды.
Аккредиттеу алу үшiн қажетті құжаттар тізімі:
1) Ережеге 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
2) түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда салыстырып тексеру үшін құрылтай құжаттарының және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың нотариат куәландырған көшірмелері;
Ескерту: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін қолданылады.
3) бiрлестiк мүшелерiнiң тiзiмi.
Аккредиттеу алу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі – 2017 жылдың 27 ақпанға дейін.
Аккредиттеуге қатысу үшін толық құжаттар топтамасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекен-жайына ұсынылады: Астана қ., здание «Министрліктер үйі» ғимараты, 13 кіреберіс (кеңсе).
Қосымша ақпарат алу үшін 740609 телефон нөміріне жүгінуге болады.