-A A +A

Жамбыл облысының Әділет департаменті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында дәріс өткізді

Ағымдағы жылғы 13 наурызда Жамбыл облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Жамбыл облысы әкімдігіне қарасты №3 облыстық мамандандырылған олимпиада жеткіншектерін даярлайтын балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты тақырыбында дәріс оқыды.
Әділет департаментінің бас мамандары М.Кожамжаров пен К.Байхожа дәріс оқу барысында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ, Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтінгісі бойынша түсіндірме берді.
 
Жамбыл облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі