-A A +A

Жамбыл облысында зияткерлік меншік саласы бойынша дөңгелек үстел өткізілді

2017 жылдың 24 қарашасында Жамбыл облыстық сотының ғимаратында «Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау туралы заңнаманы қолданудың негізгі аспектілері» тақырыбында судьялар, адвокаттар, Әділет департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерінің, бизнесс қоғамдастықтың, қоғамдық бірлестіктердің және БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өкізілді.
Дөңгелек үстелде сот практикасында кездесетін авторлық және сабақтас құқықтары саласындағы даулар туғызатын өзекті мәселелер, автор мен орындаушының мүліктік құқықтарын жүзеге асыру, зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Заң жобасы және контрафактпен күресудің тиімді жолдары талқыланды.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» көрсеткіштерін жақсартуға, зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру, ғылыми-техникалық прогресті және еркін бәсекені дамыту, тіркеу рәсімін жеңілдету, құқықтық олқылықтарды жою, зияткерлік меншік саласындағы әкімшілік кедергілер тудыратын нормаларды алып тастауға бағытталған.
 
 
Жамбыл облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі