-A A +A

Жамбыл облысында зияткерлік меншік құқығын қорғау бойынша ашық есік күні өткізілді

2017 жылдың 12 маусымында Жамбыл облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімі және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері бірлесе зияткерлік меншік саласындағы қызығушылық туғызған мәселелері бойынша кәсіпкерлер мен құқық иеленушілер үшін ашық есік күні өткізілді.
Осы іс-шараның мақсаты Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» көрсеткіштерін жақсарту және халық арасында зияткерлік меншік саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыру болып табылды.
 
Жамбыл облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі