-A A +A

Жамбыл облысында жеке сот орындаушыларымен дөңгелек үстел өткізілді

2017 жылғы 16 мамырда Жамбыл облысы Әділет департаментінде Тараз қалалық прокуратурасының және Жамбыл облысы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының барлық мүшелерінің қатысуымен «Мемлекеттің кірісіне айыппұлдарды өндіру және әлеуметтік маңызы бар атқару құжаттарды орындау және атқару құжаттарды бөлу мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Орындау барысында туындайтын барлық мән-жайлар мен өзекті сұрақтарды талқылаудың негізінде тараптар бірлескен келісімге келіп, нәтижелі жұмысқа бағытталған нұсқаулар берілді.
 
Жамбыл облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі