-A A +A

Жамбыл облысында «Жас маман» бос орындар жәрмеңкесі өткізілді

2017 жылдың 18 сәуірінде Жамбыл облысы Әділет департаменті М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік Университетімен бірлесіп «Жас маман» тақырыбында бос орындар жәрмеңкесін өткізді.
Аталған іс-шарада Әділет департаментінің тарапынан заңтану факультетінің түлектермен кездесу өткізіліп, жастар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әділет органдарының жұмысына қызығушылық білдірген студенттерге мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі түсіндірілді. Мемлекеттік қызметке тұруға ниет білдірген түлектер өз түйіндемелерін Әділет департаментінің қызметкерлеріне тапсырды.
 
Жамбыл облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі