-A A +A

Жамбыл облысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаға ортақ міндет» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді

2017 жылдың 8 маусымында Жамбыл облысы Әділет департаментімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаға ортақ міндет» тақырыбында «Нұр Отан» партиясының филиалы, Халыққа қызмет көрсету орталығы және кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны негізге ала отырып, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерге мүлдем төзбеушілік көзқарасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа  қарсы сана-сезімді, мәдениетті  қалыптастыру болып табылды.
«Дөңгелек үстел» барысында Әділет департаментінің қызметкерлері баяндама жасап, қатысушылардың назарларын Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының талаптарына аударды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру мәселелерін талқылды.
 
 
Жамбыл облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі