Толық нұсқауға көшу
Ресми интернет-ресурс
-A A +A

Жамбыл облысында «Рухани жаңғыру – ең дамыған қоғам құрудың негізі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді

2017 жылдың 8 қыркүйегінде Жамбыл аудандық кітапханасында «Рухани жаңғыру – ең дамыған қоғам құрудың негізі» атты тақырыпта Әділет департаментінің, сот, ішкі істер бөлімі, әкім аппараты, мәдиниет үйі, білім бөлімі және БАҚ қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның өткізу мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласын талқылау.
Дөнгелек үстел қатысушылары Елбасы мақаласының жаңғырудың маңызды артықшылықтарын айқындайтын туралы, қоғамдық сананың жаңғыруы мемлекеттің дамуында, елдегі бірлік пен келісімді нығайтуда негізгі қадам екенін атап өтті.
 
Жамбыл облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі