-A A +A

Жамбыл облысында орта кәсіпкерлік субъектілерімен кездесу өткізілді

2017 жылдың 9 маусымында Жамбыл облысы Әділет департаментімен, Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекелестікке қабылеттілік индексіні рейтингіндегі Қазақстанның көрсеткішін жақсарту мақсатында, орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын «Мойынқұм Асыл Тұқым» ЖШС-нің кәсіпкерлерімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында «Заңды тұлғаларды тіркеу, қайта тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерін есептік тіркеу» тәртібі және әділет органдарының негізгі жұмысына байланысты сұрақтар талқыланды.
«Мойынқұм Асыл Тұқым» ЖШС-нің өкілдері тарапынан Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен филиалдар мен өкілдіктер құру, кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін құру туралы сауалдар көтерілді.
 
Жамбыл облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі