-A A +A

Жамбыл облысында кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен «дөңгелек үстел» өткізілді

2017 жылдың 8 маусымында Жамбыл облысы Әділет департаментімен Байзақ ауданы бойынша кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен, «Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерінің басты бағыттарын түсіндіру» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесуде әділет органдарының әрекеттерін, шешімдерін даулау, меншік құқықтары мәселелері талқыланды, сонымен қатар зияткерлік меншік құқықтары бойынша, заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, «Doing Business» рейтингінде Қазақстанның позициясын жақсарту бойынша өзекті мәселелер қаралды.
Бұл шараның мақсаты – білікті заң көмегін көрсету, сонымен қатар құқықтық мәдениетін арттыру, Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту болып табылады.
Өткізілген кездесу нәтижесі бойынша қатысушылар бизнес жағдайын жақсарту мақсатында, кәсіпкерлік ұйымдарға қолданыстағы заңнамалардың басты бағыттарын түсіндіру бойынша әділет органдарымен алдағы уақытта бірлескен жұмыстар атқару қажеттілігі туралы пікір алмасты.
 
Жамбыл облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі