-A A +A

Жамбыл облысында «Кеңес беру ашық алаңы» атты акциясы өткізілді

Құқық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік көмек көрсету әділет органдары қызметінің басты міндеті болып табылады.
Жамбыл облысы Әділет департаментімен Тараз қаласының шалғай аудандарының тұрғындарына ақпаратты-құқықтық кеңес беру апталығы ұйымдастырылды.
2017 жылдың 5-8 маусым күндері орта оқу орындарында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бойынша «Кеңес беру ашық алаңы» атты акциясы Құмшағал, Шөлдала ауылдық округіндегі, Тараз қаласы «Қантзауыты» ауданының №19, №55, №14 орта мектептерінде өтті.
 
 
 
Акцияға Әділет департаменті, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, Тараз қалалық әкімдігі, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы, «Тараз-Су» МКК, Тараз қалалық әкімдігінің әлеуметтік бағдарламалар және халықты жұмыспен қамту орталығы, Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің өкілдері қатысты.
Қаланың шалғай аудандарының тұрғындары түрлі сұрақтармен жүгінді, атап айтқанда жер қатынастар саласында меншік құқығын иеленудің реті және шарттарына қызығушылық білдірді. Әділет департаментінің қызметкерлері акцияның әр қатысушысына жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу ретін, тіркелмеген  тұрғын-үй объектілеріне құқықтарды тіркеу қажеттілігі туралы ақпарат берді. Акция барысында азаматтарға «Меншік құқығы» ақпаратты-құқықтық мазмұнды 30 жадынамалар таратылды.
 
 
Жамбыл облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі