-A A +A

Жамбыл облысында «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді

2017 жылдың 17 мамырында қаланың ең ірі халыққа қызмет көрсету орталығында Жамбыл облысы Әділет департаментінің Тараз қалалық Әділет басқармасымен «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалымен бірлесіп, «Қазақстан заңгерлерінің одағы» Жамбыл облыстық филиалының мүшелерінің қатысуымен «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді.
Азаматтарды құжаттардағы қателіктерді жою үшін азаматтық хал актілеріне түзетүлер мен толықтыруларды енгізу, Тараз қаласында тіркеуде тұрып басқа қалада бизнес объектісін ашу, балаларды мектепке дейінгі мекемелерге орналастыру үшін кезекке тұру, тіркеуге тұру және жұмысқа кіру мәселелері қызықтырды.
«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының консультанты азаматтың сұрағы бойынша тіркеуге тұру мен бірге «Жасыл Ел» жауапкерлігі шектеулі серіктестігіне жұмысқа орналасу мәселесіне көмек көрсетті, Қырғызстан Республикасына барып қайтыс болған, бірақ зейнет ақысын Тараз қаласында алып отырған азаматшаға Тараз қалалық Әділет басқармасының басшысы неке және ерлі-зайыптылық заңнамаға сәйкес әжесінің өлімін тіркеу мәселесі жөнінде кеңес берді.
«Әділет кеңес береді» ақциясының ұйымдастырушыларына сұрақтармен келген азаматтар нотариус, адвокат пен сот орындаушының керекті тегін кеңестерін алды. Аталған іс-шара халықпен байланыс орнатудың негізінде мемлекеттік органдардың жұмысының тиімділігін ғана емес азаматтардың мемлекеттік қызметтерге деген көзғарасын анықтауға мүмкіндік берді. Акция барысында азаматтар өздерінің құқығы мен мүдделері қорғалғаны үшін қанағат болды.
 
Жамбыл облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі