-A A +A

Жамбыл облысында азаматтармен кездесу өткізілді

2017 жылдың 4 шілдесінде Жамбыл облысы Әділет департаменті, «Нұр Отан» партиясының филиалы қызметкерлерінің қатысуымен тұрғындар арасында «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді.
Аталған кездесудің мақсаты – азаматтарға құқықтық көмек көрсету болып табылады.
Акцияны өткізу барысында азаматтарға жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы мен заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу кезінде кездесетін сұрақтар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
 
Жамбыл облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі