-A A +A

Жамбыл облысында «Азаматтарға тегін заң көмегін көрсету» ашық есік күні өткізілді

2017 жылдың 14 наурызында Жамбыл облысы Әділет департаменті Тараз полтехникалық колледжінде департамент қызметкерлірінің, Жамбыл облысының адвокаттары мен нотариустарының қатысуымен «Азаматтарға тегін заң көмегін көрсету» «ашық есік күні» өткізді.
Ұйымдастырылған іс-шараның барысында колледждің оқытушылары мен білімгерлері қабылдауға әр-түрлі құқықтық сұрақтарымен келді. Нақтырақ айтқанда  жылжымайтын мүлікке құқықтарды заңдастыру, бизнес саласының басшысын ауыстыру мәселесі жайында, борышкерлер алименттік міндеттерді атқармауы, жұмысқа орналасу туралы тағы да басқа сұрақтармен жүгінді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткен бағыттары және Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі туралы түсініктемелер берілді.
 
Жамбыл облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі