-A A +A

Жамбыл облысы Қақпатас ауылының тұрғындарына арналған көшпелі кеңес өткізілді

2017 жылдың 8 тамызында Жамбыл облысы Әділет департаментімен, азаматтарға тегін заң кеңесін беру мақсатында, адвокат, нотариус және жеке сот орындаушының қатысуымен Қақпатас ауылының тұрғындарына арнап, көшпелі кеңес өткізілді.
Іс-шара барысында тұрғындарға «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, әділет органдары қызметінің негізгі бағыттары, Жаһандық бәсекеге қаблеттілік индексі дүниежүзілік экономикалық форумның және «DoingBusiness» Дүниежүзілік банктің Қазақстанның көрсеткіштерін жақсарту бойынша жүргізілетін жұмыстары түсіндірілді.
Ауыл тұрғындарымен сотқа талап арыздың дұрыс жазылуы, жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу, сенімхат беру, алимент алу бойынша сұрақтары қойылды.
 
Жамбыл облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі