Толық нұсқауға көшу
Ресми Интернет-ресурс
-A A +A

Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2017 жылғы 9 айында атқарылған жұмыстарын қорытындылау бойынша брифингі өткізілді

2017 жылдың 11 қазанында Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2017 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы облыстың барлық БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді.
 
 
Брифинг барысында спикер Әділет департаменті басшысының м.а. Д.Ж.Дайрабаев есептік кезеңде департамент мамандарымен жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүргізу жұмыстарына, заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша және Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік индексінің көрсеткішін жақсарту мақсатындағы атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Сондай-ақ, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының негізгі ережелерін түсіндіріп өтті.
Брифинг қорытындысы бойынша қатысушардың сұрақтарына толық көлемде жауаптар берілді.
 
 
Жамбыл облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі