-A A +A

Жамбыл облысы Әділет департаментімен «Заңгерлік көмек» заң жобасының тұжырымдамасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді

2017 жылдың 11 қыркүйегінде Жамбыл облысы Әділет департаменті «Заңгерлік көмек» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу» заң жобасының тұжырымдамасын талқылау бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы Д.Ж.Дайрабаевтың төрағалығымен дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға Жамбыл облысы адвокаттар алқасының, Жамбыл облысы Нотариаттық палатасының, «Центр юристъ» ЖШС-нің, тұтынушылардың құқығын қорғау агенттігінің өкілдері, медияция орталығының медиаторлары қатысты.
Дөңгелек үстел өткізу барысында төрағалық етуші заң жобасы тұжырымдамасының негізгі нормаларын егжей-тегжейлі түсіндірді. Нәтижесінде қатысушылар кездесудің басты тақырыбын талқылап, барлық пікірлер ескерілді.
 
 
Жамбыл облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі