-A A +A

Жамбыл облысы Әділет департаментімен мемлекеттік деректер қорындағы мәліметтерді өзектендіру сұрақтары бойынша дөңгелек үстел өткізілді

2017 жылдың 15 маусымында Жамбыл облысы Әділет департаментімен «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы – жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің, Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының, Жамбыл облысы әкімдігінің Жер қатынастары басқармасының, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің, Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдерінің және қалалық/аудандық Әділет басқармаларының қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Кездесу барысында, 2017 жылдың 31 наурызында Қазақстан Республикасы Үкіметі Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасарының жиналыс хаттамасымен бекітілген жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу жөніндегі іс-шаралар Жоспарына сәйкес «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорындағы мәліметтерді өзектендіру бойынша мәселелері талқыланды.
 
 
Жамбыл облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі