-A A +A

Жамбыл облысы Әділет департаментімен Мемлекет басшысының Жолдауын кеңінен насихаттау мақсатында кездесу өткізілді

2017 жылдың 5 қыркүйегінде Жамбыл облысы Әділет департаментімен Тараз қалалық әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қызметкерлерімен Мемлекет басшысының Жолдауын кеңінен насихаттау мақсатында кездесу өткізілді.
Еліміздің экономикалық, әлеуметтік, саяси дамуының нақты басымдықтарын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында нақты көрсетті. Соның бірі халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, электронды үкіметті дамыту, әкімшілік рәсімдерді қарапайымдау, жемқорлықты төмендету, халықтың құқықтық мәдениетін жоғарылату.
Әділет департаментінің мамандары көптеген әлемдегі дамып келе жаткан мемлекеттер үшін Қазақстан сабақтастықпен демократиялық нормаларын енгізудің үлгісі болып табылады деген ой білдірді.
 
 
Жамбыл облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі