-A A +A

Жамбыл облысы Әділет департаменті « Жеке нотариустармен нотариаттық іс-әрекеттер жасау барысында туындайтын өзекті мәселелер » тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

2017 жылдың 8 қарашасында Жамбыл облысы Әділет департаменті Жамбыл облыстық нотариаттық палатасы мүшелерінің және мемлекеттік органдар, екінші деңгейлі банк филиалдары, коллекторлық агенттіктер өкілдерінің қатысуымен «Жеке нотариустармен нотариаттық іс-әрекеттер жасау барысында туындайтын өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізді.
 
 
Аталған іс-шарада нотариаттық қызмет және оның кепілі, банктік несиелік келісімдер бойынша атқарушылық жазбаларды орындау тәртібі, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы берілетін мемлекеттік қызмет түрлері бойынша «Тұрғылықты жері бойынша мекен-жай анықтамаларын беру» кезінде туындайтын мәселелер, азаматтар Қазақстан Республикасынан шығу кезинде құжаттарды ресімдеудің тәртібі мен ережелері, жекешелендiрiлген мүлiктi иеліктен айыру тәртібі, және жекешелендiруге қатысқан тұлғалардың топтарын құру жолдары туралы сұрақтар талқыланды.
 
 
Жамбыл облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі