-A A +A

Жамбыл облысы Әділет департаменті «Уақыт талабы» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

2017 жылдың 9 қарашасында Жамбыл облысы Әділет департаменті, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын орындау аясында, Латын әліпбиіне негізделген жазуға көшу іс-шарасын насихаттау мақсатында, «Уақыт талабы» атты тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізді.
  
 
Аталған отырысқа Жамбыл облстық қоғамдық Кеңестің төрағасы, Жамбыл облысы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік Университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты, Тараз мемлекеттік педагогикалық Университетінің Қазақ филологиясы және латын графикасын оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушысы, Жамбыл облысытық нотариалдық палатасының төрайымы, Тараз қалалық №2 Заң кеңсесінің меңгерушісі қатысты.
Іс-шара барысында тыңдаушылар назарына «2017 жылғы 26 қазанда латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі бекітілді», «Жаңа қазақ әліпбиі қолданыста», «Латын әліпбиіне негізделген жазуға көшу» атты тақырыпта баяндамалар ұсынылды.
Сонымен қатар, Әділет департаментінің ұжымы латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін оқып, үйренуді бастады.
 
 
Жамбыл облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі