Толық нұсқауға көшу
Ресми Интернет-ресурс
-A A +A

Жамбыл облысы Әділет департаменті "Азаматтарға тегін заң көмегін көрсету" ашық есік күні акциясын өткізді

2017 жылдың 16 ақпанында «Тараз Болашақ» колледжінің ғимаратында Жамбыл облысы Әділет департаменті бөлімдерінің мамандары, Жамбыл облысы адвокаттар алқасының адвокаттарының және Жамбыл облысы нотариаттық палатасы нотариустарының қатысуымен "Азаматтарға тегін заң көмегін көрсету" ашық есік күні акциясын өткізді.
 
Колледждің оқытушылары мен білімгерлері қабылдауға әр-түрлі құқықтық сұрақтарымен келді. Нақтырақ айтқанда  жылжымайтын мүлікке құқықтарды заңдастыру, бизнес саласының басшысын ауыстыру мәселесі жайында, борышкерлер алименттік міндеттерді атқармауы, жұмысқа орналасу туралы тағы да басқа сұрақтар талқыланды.
Акция барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткен бағыттары және дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі туралы түсініктемелер берілді.
 
Жамбыл облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі