Толық нұсқауға көшу
Ресми интернет-ресурс
-A A +A

Жамбыл облысы Әділет департаменті ашық есік күнін өткізді

2017 жылдың 2 қарашасында Жамбыл облысы Әділет департаменті Меркі ауданы Кеңес ауылдық округі мектебі ғимаратында Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын түсіндіру мақсатында ашық есік күні өткізілді.
Аталған кездесудің мақсаты – азаматтардың құқық қорғау органдарына сенімін арттыру мақсатында, тұрғындар арасында уақытылы әрі дұрыс шешім қабылдауға септігін тигізетін, кері байланыстың тиімді құралы, ақпарат алудың сапалы арнасы болып табылатын құқықтық көмек және ақыл-кеңес беру болып табылады.
Акцияны өткізу барысында азаматтарға жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы мен заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу кезінде кездесетін сұрақтарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кеңес алу үшін 20-дан астам жергілікті тұрғындар қайырылды. Оларға мамандармен қойған сұрақтарына толыққанды және білікті заң көмегі берілді.
 
Жамбыл облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі