-A A +A

Жамбыл облысы Әділет департаменті «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасының негізгі ережелерін талқылау отырысын өткізді

2017 жылдың 9 қазанында Жамбыл облысы Әділет департаменті «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының негізгі ережелерін талқылау отырысын өткізді.
Іс-шараға соттардың, әкімдіктің, мемлекеттік органдарыдың, құқық қорғау органдарының, Жамбыл облысының қоғамдық кеңесінің өкілдері, депутаттар, жеке тәжірибемен айналысатын заңгерлер, үкіметтік емес ұйымжардың және БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында Жамбыл облысы Әділет департаменті басшысының м.а. Дайрабаев Д.Ж. «Об адвокатской деятельности и оказание юридической помощи» атты тақырыпта; Тараз қалалық Әділет басқармасының басшысы Кушекова Г.Ж. «PRO BONO или коплексная социальная юридическая помощь» атты тақырыпта; Тараз қалалық Әділет басқармасының заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің басшысы Нурмаханбетова А. «Приниципы оказания юридической помощи, открытый доступ информации о деятельности коллегии адвокатов и частнопрактикующих юристов» атты тақырыпта; азаматтық құқықтық қорғау комитеті ҚБ басшысының орынбасары, «Бітімгер» медиация орталығының медиаторы Мирзоев А.Л. «О перспективах развития деятельности палат юридических консультантов» атты тақырыпта баяндамалармен сөз сөйледі.
 
 
Жамбыл облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі