-A A +A

Жамбыл облысы Байзақ ауданының тұрғындарымен кездесу өтті

2017 жылғы 16 наурызда Жамбыл облысы Әділет департаментінің басшылығы Байзақ ауданының «Әулие-Ата Феникс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшылары мен жергілікті кәсіпкерлерге Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндірді.
Көтерілген мәселені жан-жақты талқылау мақсатында кездесуге «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ, жеке сот орындаушылар, нотариустар, адвокаттар, «Нұр Отан» партиясының, аудандық жер қатынастары бөлімінің, кәсіпкерлер палатасының, көші-қон полициясының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Департамент басшысы Оразхан А. әділет органдарының тіркеуді жүзеге асыру саласындағы функциялары, атап айтқанда заңды тұлғаларды тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы, сонымен қатар, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 27-қадамын, «DoingBusiness» рейтингісінің «Келісім-шарттардың орындалуын қамтамасыз ету» көрсеткіші, атқарушылық іс-жүргізу заңнамасындағы оңтайлы өзгерістеріне назар аударды.
Әділет департаменті басшысының орынбасары Ш. Айнақұлов өз баяндамасында, Дүнижүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін көтеру бойынша Әділет департаментінің көрсеткіштері туралы атап өтті.
Кездесуге қатысушы азаматтардың басым көпшілігі атқарушылық іс-жүргізуге және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелеріне қызығушылық танытты.
 
Жамбыл облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі