-A A +A

Заңжобаларын облыс әкімдігінің аппараттық отырысында түсіндіру ұйымдастырылды

А.ж. 10 қазан күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтың төрағалық етуімен, облысы әкімі орынбасарлары, облыстың мемлекеттік, құқық қорғау және сот органдарының басшыларының қатысуымен«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңжобаларын түсіндіру ұйымдастырылды.
Заң жобаларының негізгі қағидаттары бойынша Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының м.а. Х.Куставлетов баяндама жасап, Заңжобалар азаматтарды қолжетімді және сапалы заң көмегімен қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.
Департамент басшысының м.а. Х.Куставлетов өз сөзінде, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңжобасы адвокатура және жеке тәжірибемен айналысатын заңгерлердің қызметтерін оңтайландыруды көздейтінің айтты. Ол заңгерлік көмегінің қолжетімділігін және сапасынының жоғарылауын, ауылдық және қалалық жерлеріндегі адвокаттардың қызметімен қамтамасыз етілуінің әркелкілігін және т.б. орын алып отырған бір қатар мәселелерді шешуге мүмкіндік беретінін түсіндірді.
Заңжобасымен адвокатура жүйесін оңтайландыру көзделіп отыр, яғни адвокат санының жетіспеушілік мәселесін шешу, Pro bono тәжірибесін еңгізу, жеке тәжірибемен айналысатын заңгерлердің құқықтық мәртебесін заң түрінде анықтау және бекіту, мемлекет кепілдік берген заң көмегінің көрсетілуінің жалпы шарты және тәртібін реттеу және т.б. көзделетіні сөз болды.
Қатысушылардың сұрақтарына Әділет департаменті басшысының м.а. Х.Куставлетов жауптар берді.
 
 
Батыс Қазақстан облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі