-A A +A

Заң жобасының тұжырымдамасы талқыланды

Қыркүйек айының 8 күні Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті «Заңгерлік көмек» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу» заң жобасының тұжырымдамасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Осы іс-шараға Нотариалдық палата, Адвокаттар алқасы және облыстық медиация және құқық орталығының өкілдері қатысты.
Іс-шараны әділет департаментінің басшысы Ерлан Дауылбаев ашып, тұжырымдаманың негізгі аспектілерін түсіндіріп өтті.
Іс-шараның соңында қатысушылар заң жобасы тұжырымдамасының ұсыныстарын талқылады.
 
ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі