-A A +A

Заң жобасы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараттық мәжілісінде талқыланды

13 қараша күні Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараттық мәжілісінің отырысында облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың, барлық аудандық, қалалық әкімдердің, мәслихат депутаттарының, прокуратура, сот органдары өкілдерінің қатысуымен «Адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету туралы» Заң жобасының негізгі ережелері талқыланды.
 
Әділет департаменті басшысы Орынбасар Тастанов өз баяндамасында «Адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету туралы» Заң жобасы Әділет министрлігімен 20 жыл бұрын қабылданған және бүгінгі жағдайға сәйкес маңызды өзгерістерге ұшырамаған қолданыстағы «Адвокаттық қызмет туралы» Заңының негізінде әзірленгенін, Заң жобасы халықты қолжетімді және сапалы заң көмегімен қамтамасыз етуге және адвокатура институтын әлемнің үздік тәжірибесін ескере отырып, жетілдіруге бағытталғанын атап өтті.
Облыстық мәслихаттың депутаттары заң жобасының мақсаты білікті адвокаттардың қатарын өсіруге бағытталғандықтан, уақыт талабына сәйкес қолға алынып отырған іс-шара деп санайтындықтарын білдірді.
Өз кезігінде, облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Әділет министрлігімен ұсынылып отырған Заң жобасын қолдайтынын, ал мемлекеттік органдар тарапынан оның ережелерін халық арасында кеңінен насихаттауды тапсырды.
 
 
Оңтүстік Қазақстан облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі