-A A +A

Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті

Бүгін Әділет министрі Марат Бекетаевтың басшылығымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс жұмысына мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор және бизнес өкілдері қатысты.
Ведомствоаралық комиссияның отырысында 2 заң жобасының тұжырымдамалары талқыланды:
1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші – ҚР Бас прокуратурасы)
2. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру (әзірлеуші – ҚР Қорғаныс министрлігі).
 
ҚР Әділет министрлігінің
баспасөз қызметі