-A A +A

«Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы»

3 шілде сағат 11:00-де Әділет министрі Марат Бекетаевтың басшылығымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өткізіледі.
Отырыс жұмысына мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор және бизнес өкілдері қатысады.
Ведомствоаралық комиссияның отырысында бірқатар заң тұжырымдамаларын қарастыру көзделген:
1. «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» (әзірлеуші – ҚР Ұлттық экономика министрлігі)
2. «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Заң жобасының және оған ілеспе Заң жобасының тұжырымдамалары (әзірлеуші – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі ).
 
Өткізу орны: Әділет министрлігінің баспасөз орталығы, Министрліктер үйі,13 кіреберіс, 10 қабат, 1056.
Журналистерді тіркеу 3 шілде сағат 9:30-ға дейін жүргізіледі.
 
ҚР Әділет министрлігінің
баспасөз қызметі
Тел: 74-06-01, 74-06-02,
55-86-91