-A A +A

«Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы»

19 маусым сағат 15:00-де Әділет министрі Марат Бекетаевтың басшылығымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өткізіледі. Отырыс жұмысына мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор және бизнес өкілдері қатысады.
Ведомствоаралық комиссияның отырысында бірқатар кодекстер мен заң тұжырымдамаларын қарастыру көзделген:
1. «ҚазақстанРеспубликасындағы кеден ісі туралы» кодексі жобасы және оған ілеспе заң жобасының тұжырымдамасы(әзірлеуші – ҚР Ұлттық экономика министрлігі)
2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі (Салық кодексі) жобасының тұжырымдамасыжәне оғанілеспе заң жобасының тұжырымдамасы(әзірлеуші – ҚР Ұлттық экономика министрлігі)
3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасы(әзірлеуші – ҚР Ұлттық экономика министрлігі).
4. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыртқы барлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасы (әзірлеуші – «Сырбар» СБҚ).
 
Өткізу орны: Әділет министрлігінің баспасөз орталығы, Министрліктер үйі,13 кіреберіс, 10 қабат, 1056.
Журналистерді тіркеу 19 маусым сағат 12:00-ге дейін жүргізіледі.
 
ҚР Әділет министрлігінің
баспасөз қызметі
Тел: 74-06-01, 74-06-02,
55-86-91
pressgov@mail.ru