-A A +A

Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

4 сәуірде сағат 14:30-да Әділет министрі Марат Бекетаевтың басшылығымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс жұмысына мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор және бизнес өкілдері қатысты.
Отырыс алдында Әділет министрі Марат Бекетаев журналистерге заң жобалау процессі жайында толық мағлұмат беру мақсатында арнайы презентация өткізді.
Ведомствоаралық комиссиясының отырысында 3 заң жобасының тұжырымдамасы қаралды:
1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экспорттық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші – ҚР Инвестиция және даму министрлігі)
2. «Мемлекеттік статистика мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші – ҚР Ұлттық экономика министрлігі);
3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші – ҚР Әділет министрлігі).
Сондай-ақ, «Кинематография туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобаларын енгізу мерзімдерін ауыстыруды көздейтін «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2017 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 905 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы қарастырылды.
 
ҚР Әділет министрлігінің
баспасөз қызметі
Тел: 74-06-01, 74-06-02,
pressgov@mail.ru